«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасында маркетологтардың кезекті кездесуі өтті

2017 жылғы 07 Маусым
- Алматы қаласы
5298 просмотров

Маркетологтар клубы мүшелері Сахара шөлінің ортасына тап болды. Олар мінген ұшақ апатқа ұшырап, барлық жолаушылар күйдірген күн астында қалды. Күн көруге жарамды тек 12 ғана зат қалған 

Бұл бизнес-тренер Валентина Григорьева ұсынған іскер интерактивті ойын талаптары еді. Бір қарағанда оңай боп көрінген тапсырма компания дамуының стретегиясын құруда барлық қателіктерді  анықтайды. Клуб мүшелері бірнеше топтарға бөлініп, қиын жағдайда тірі қалуға көмектесетін амалдарды келісе табу керек. Көмекші құралдар тізімінде жергілікті карта, компас, пышақ, ақша, су, тұз, тіпті газ жанарғысы бар. Шарт бойынша дауыс беруге болмайды.

«Қызу талқы кезінде көшбасшы бірден анықталады.  Топ көзқарасын қорғай алатын, айтқанынан қайтпайтындарға және өзінің ойын дәлелдей, басқаларды көндіре алмайтындарға бөлінеді. Бір бірінен қолдау таппақан адамдар көзқарастары, гендерлік және жас ерекшеліктері бойынша топтаса бастайды. Осындай топта түсінісу, ойынды жеткізу оңай», – деді бизнес-тренер.

Валентина Григорьеваның айтуынша кез келген жағдайда басты ресурс – қажетті ақпарат. Мәселен, Сахарада пышақ пен газ жанарғысы сынды заттар қажетсіз. Шөл далада тіршілік атаулысы жоқ. Ал тұз өзінің ылғал сақтау қасиетімен кәдеге жарайтыны сөзсіз.

Осы жағдайда дұрыс бағалап, мүмкіндіктерді саралаған адам жеңімпаз атанады.

«Көшбасшыға жанындағы адамдардың пікірін тыңдап, әр адамды дұрыс бағалауы маңызды. Олар көп біліуі мүмкін, ал сіз сұрамайсыз немесе адамдар өзінің дұрыс пайымдайтындарын дәлелдей алмайды. Дәл солай жақсы сөйлеп, ойын білдіре алатындарды асыра бағаламау жөн. Біздің стратегия айналымыздағы адамдарға байланысты. Басқа командада да өзінің стратегиясы жасалады. Сондықтан бірінші кезекте адмдарды дұрыс таңдап, кейін бағыт сызбасын анықтау жөн», – деді спикер. Осылайша командалық жұмыс құрылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер