«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Адал кәсіпкерлерді қорғау жаңа деңгейге шығарылады

2017 жылғы 07 Маусым
7044 просмотров

Мәжіліс ҚР Қылмыстың кодексінен 215-бапты алып тастауды мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қылмыстық кодекстен 215-бапты алып тастау туралы ұсынысын мақұлдап, аталған бапты алып тастады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 215-бабын қолдану (жалған кәсіпкерлік) бизнеске айтарлықтай қысым көрсетіп келді. Жалған кәсіпкерлер айыппұл төлеп құтылып келді, ал оның көптеген контрагенттері қосымша салық, айыппұл мен өсімақы төлеуге мәжбүр болып келді», ­– деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

Адал кәсіпкерлер құқықтарын қорғауда заңнамада қарастырылған құқықтық құралдарды қолдана отырып, өз келісімдерінің шынайылығын дәлелдеуге мүмкіндік алады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы нұрлан Нығматуллин атап өткендей, заң жобасына экономикалық құқық бұзушылық үшін жазалауды ізгілендіруге бағытталған бірқатар түзетулер енгізілген.

Атап айтқанда, кәсіпкерлік салада бірінші рет құқық бұзған тұлға келтірген залалын өз еркімен өтесе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар, жалған кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауапқа тартылу алынып тасталады.

«Осылайша, біздің шешіміміз Мемлекет басшысының отандық бизнесті қолдау, оның дамуы мен өсуіне жағдай жасау туралы тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған», – деді Нұрлан Нығматуллин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер