«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» медсақтандыру туралы: Денсаулық сақтау министрлігіне жеделдету керек

2017 жылғы 05 Маусым
4215 просмотров

2015 жылдан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша ауқымды жұмыс атқарып келеді

«Бизнеске салынатын жүктеме жаңа жүйеден бизнес пен халықтың алатын пайдасымен барынша негізделуі тиіс. Енгізілетін жаңалықтың нәтижесінде тұтынушы алатын қызмет сапасына көңіл көп бөліп отырмыз», ­– деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Халық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қиындықсыз өтуі үшін «Атамекен» көрсетілетін қызмет сапасын цифрландыру арқылы көтеруді бірнеше ұсынды.

Бұл пациенттің денсаулығы туралы негізгі мәліметтердің сақталуы мен алмасуын қамтамасыз ететін, МӘМС қорына аударылған төлем мен жарна туралы ақпарат беретін электронды паспорты енгізу арқылы жүзеге асырылуы керек.

«Әрқайсымызда электронды паспорт болуы керек. Бұл түсініксіз жазумен толтырылған қалың дәптер емес, ұғынықты электронды паспорт. Онда емдеуші дәрігер белгілеген мағлұматтың барлығы жазылады, сараптама қорытындылары тіркеледі, яғни көрсетілген медициналық қызметтің бәрі енгізіледі», - деп түсіндірді Юлия Якупбаева.

Паспорттың пилоттық жобасы Астанадағы емханалардың біріне енгізілді, 2019 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

«Пилоттық жобасы бар шығар, бірақ елімізде 500-ден астам емхана мен жеке компаниялар жұмыс істейді. Олардың біріккені маңызды Пилоттық жобаны көрсетті, бірақ ол соңына дейін жасалмаған. Сондықтан әзірге электронды паспорт жүйесі болмайды, медициналық мекемелер бір базаға біріктірілмейді, кезек мәселесі шешіліп жатқанда реформаны енгізуді жеделдетуіміз керек немесе кейінге шегеруіміз керек», – деп атап өтті Басқарма Төрағасының орынбасары.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсарту мәселесін шешу бойынша жоспарланған барлық іс-шаралар (МӘМС үшін ақпараттық негіз құру, медициналық көмектің барлық деңгейін біріктіруді дамыту, денсаулық сақтауда менеджменттің тиімділігін арттыру, корпоративтік басқару элементін енгізу) 2019 жылдың соңына дейін жоспарға қойылған.

Осы жерде сауал туындайды: осы жобалардың барлығын 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін жүзеге асырып үлгереміз бе?

Ұлттық палата медициналық сақтандыру қорының айналасында жинақталған жеке меншік медициналық мекемелердің санын арттыру қажет, сондай-ақ еліміздегі ауруханалардың бірыңғай реестрін жасау керек деп есептейді. «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша, бұл жұмыстар осы саладағы бәсекелікті күшейтуге мүмкіндік береді. Оның ішінде мемлекеттік емханалар арасында да бәсекелік артады.

Ұлттық палата қол жеткізген негізгі жетістіктердің бірі МӘМС жүйесіне ең жоғарғы аударым шегі 15 АЕК-тен аспау керектігін бекітуі. Сонымен қатар 2017 жылы жұмыс берушілер аударатын төлем көлемі 2%-дан 1%-ға дейін азайту, 2022 жылдан бастап аударым мөлшерлемесінің ең жоғары көлемін 5% емес, ар қарай өспейтіндей етіп 3% етіп төмендету де Ұлттық палата атқарған жұмыстың нәтижесі.

Арнайы салық режимін (шаруалық-фермерлік қожалықтар үшін де жеңілдетілген декларация негізінде) қолданатын кәсіпкерлердің көбі салық төлемін жылына 2 рет жүргізген. Олар үшін МӘМС қорына ай сайын міндетті төлем енгізу ыңғайлы емес және медициналық қызметке қол жеткізу мен айыппұл санкциясын аударуда белгілі бір қауіп бар.

Халық арасында жаппай тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қиындықсыз өтудің маңызды мәселесі. Дегенмен, өкініштісі сол, халықтың көпшілігі, әсіресе ауылдық жерде тұратын халық реформаның техникалық тетіктері жайлы хабарсыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер