Кедендік реттеу: әкімшіліктендіру мен жетілдіру
Астана қаласында 120 орындық кедендік рәсімдеу аймағын салу жобасы сәтті жүзеге асырылды
5 маусымда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіру мәселелеріне арналған жиын өтті.
«Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры Дина Мамашеваның жетекшілігімен өткен дөңгелек үстелде кедендік реттеу саласындағы маңызды мәселелер қаралып, көлік-логистикалық орталықтың кедендік рәсімдеу аймағымен бірге салуды ұйымдастыру Жол картасының жобасы таныстырылды.
«Кедендік бөліктің жұмысын жеңілдету үшін бізге өткізу пунктерінде қажетті жағдай жасау керек, инфрақұрылымды құру аясында кедендік рәсімдеу желісін құру қажет. Қазақстан бойынша заманауи, барлық коммуникациясы орнатылған, еліміздің ішкі және сыртқы кедендік рәсімдеуді, жүк жөнелтуді барынша жеңілдетуі керек. Бизнеске кедендік рәсімдеу ыңғайлы, түсінікті болғаны маңызды – деді Дина Мамашева.
Дөңгелек үстел барысында «KTZ Express» АҚ Атқарушы директор Қайрат Тапалов Көлік-логистикалық орталығы мен жеке сектор жобасы негізінде кедендік рәсімдеу аймағын жүзеге асыру үлгісін таныстырды.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жасаған ынтымақтастық жөніндегі меморандумға сәйкес «KTZ Express» АҚ өңірлерде көлік-логистикалық орталық құрылысының жобасын жүзеге асыруға ықпал етуді атқарып келеді.
«KTZ Express» АҚ өкілі хабарлағандай, бүгінде Астана қаласында 120 орындық кедендік рәсімдеу аймағын салу жобасы сәтті жүзеге асырылды, сонымен қатар Шымкент қаласында да дәл осындай көлемдегі кедендік рәсімдеу аймағының құрылысын жыл саңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаментімен бірге Ақтөбе қаласында да салу қарастырылуда. Сондай-ақ, Қаржы министрлігімен «Кедентранссервис» АҚ терминалдық базасы негізінде Павлодарда кедендік рәсімдеу аймағын салуға келісім жасалған.
«Бұл жоспар кедендік рәсімдеу кезіндегі бизнестің шығынын азайтуға, кедендік тазалау процесінде ашықтықты орнатуға бағытталған. Кедендік рәсімдеу аймағын салу осы жоспардың негізгі іс-шараларының бірі саналады. «KTZ Express» АҚ кедендік рәсімдеу аймағында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік қағидасымен Қазақстанда көлік-логистикалық орталықтың желісін дамыту бойынша Жол картасының жобасын әзірледі. Бұл жоба ҚР Үкіметінің қарауына ұсынылды», – деді Қайрат Тапалов.
Жол картасы мақұлданғаннан кейін «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерге нақты нысан, инвестиция сомасы мен құрылыс мерзімі туралы ақпарат береді, сонымен қатар бұл ақпаратты Кәсіпкерлікті дамыту картасына енгізетін болады.
Қазақстан Электрэнергетикалық қауымдастығының төрағасы Шәймерден Оразалинов Қарағандыдағы әуежайды кедендік рәсімдеу аймағы ретінде қолданып, барынша пайдалануды ұсынды.
Дөңгелек үстелде Кедендік бақылау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жалитов ЕАЭО Кедендік кодексін таныстырды.
«Биыл 11 сәуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі туралы келісімшартқа қол қою кезеңі аяталды. ЕАЭО елдері құжатты ратификациялаудан өткен ішкімемлекеттік процедураларына кіріседі. ЕАЭО жаңа Кедендік кодексі Еуразиялық экономикалық комиссиядан барлық қатысушы 5 мемлекеттен Келесімшартты ратификациялау туралы хабарлама алғаннан кейін күшіне енетін болады», – деп хабарлады Арман Жалитов.
ЕАЭО Кедендік кодексі басынан бастап соңына дейін барлық қатысушы-мемлекеттің бизнесі тікелей атсалысқан жалғыз жоба. Кодекске Қазақстан мен Ресейдің бизнес өкілдері белсене қатысқан.
Дөңгелек үстелде Кедендік бақылау департаментінің бас сарапшысы Айгүл Найзағаринова «Астана-1» ақпараттық жүйесінің тестілеуі туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, Қазақстан Сыртқы сауда палатасының кедендік реттеу жөніндегі маманы Нұрболат Сукуров Карнат АТА тұжырымдамасының жүзеге асырылу механизмін таныстырды.
Карнет АТА кедендік декларация ретінде танылатын, бажсыз алып өтуге мүмкіндік беретін халықаралық кедендік,стандартты құжат болып саналады. Сонымен қатар уақытша кіргізілетін тауарды теңдестіретін, жеткізілетін кедендік баж, салық пен ақша жинауды төлеу бойынша қолданыстағы халықаралық қаржылық кепілдік ұсыным енгізілген құжат.
Развитие зон таможенного оформления по принципу «Единого окна»
Пікір қалдыру:
Пікірлер: