«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің назарына: 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап...

2017 жылғы 05 Маусым
- Қызылорда облысы
7947 просмотров

2017 жылғы 1 шілдеден бастап салық/кеден органдарымен жүргізілген тексеру нәтижелері жөніндегі немесе бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға (бұдан әрі хабарлама) қатысты шағымдар уәкілетті орган – ҚР Қаржы министрлігімен қаралатын болады.

Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады. Палата тексеру нәтижелері жөніндегі немесе бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымданушы кәсіпкерлерге арналған арнайы Жадынама әзірледі. Жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз. 

Білген маңызды! 2017 жылғы 1 шілдеден бастап кәсіпкер хабарламаға қатысты шағымдану туралы шешім қабылдаған жағдайда шағым ҚР Қаржы министрлігіне беріледі.

Аталмыш хабарламаға қатысты кәсіпкердің шағымын қарау үшін ҚР Қаржы министрлігімен Апелляциялық комиссия құрылған. Комиссия мүшелері мемлекеттік органдар мен "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының өкілдері.

ҚР Қаржы министрлігі кәсіпкерден шағым түскен жағдайда қажетті құжаттарды жинақтап Апелляциялық комиссияға қарау үшін жолдайды.

Кеден Кодексінің 16-бабына және Салық Кодексінің 55-бабының 2-тармағына сәйкес Апелляциялық комиссияның мүшесі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі кәсіпкердің шағымын қарау барысында салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерге қолжеткізуге құқығы жоқ.

Кәсіпкерлік субъектісінің құқығын және заңды мүддесін қорғау, сондай-ақ хабарламаға сай берген шағымын өз дәрежесінде жан-жақты, объективті қарау мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкіліне салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерге қолжеткізу үшін кәсіпкердің жазбаша рұқсат қағазы қажет болады.

Білген маңызды! Кәсіпкер хабарламаға қатысты шағымдану барысында Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкіліне салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерге қолжеткізуге рұқсат беретін жазба хатын қосып беруі қажет.

 Апелляциялық комиссия мүшелерінің шағымды қарау қорытындысымен тиісті шешім қабылданатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер