Ақтөбеде жергілікті тауар өндірушілердің өнімін өткізу мәселесі талқыланды
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы облыс әкімдігімен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары мәселесі бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді
Жер қойнауын пайдаланушы-компаниямен ынтымақтастық мүмкіндігін анықтау, сондай-ақ өнім жеткізу жөніндегі келісішарт жасау мақсатында кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері мен ұсыныстары қарастырылды.
Бұл ретте жергілікті өндірушілердің «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Kopper Teknolodzhi» ЖШС мен «Казгеоруд» ЖШС секілді компаниялармен ынтымақтастығына қатысты мәселелер мен ұсыныстар ортаға салынды.
Кездесуге жиырмаға жуық кәсіпкерлер қатысты. Олардың қатарында Актобеснабторг» ЖШС (ілгектерді шығару), «Ремонтник» ЖШС (роликтерді дайындау) MIAL-KZ» ЖШС (полиуретаннан бұйым жасау), «Игданит» ЖШС (әк), «Центр-БВР» ЖШС (жарылғыш заттар), «Ақтөбе-фильтр» ЖШС (ауа сүзгіші), «Talan Technology» ЖШС (шиналар мен қайта өңделген резиналардан жасалған заттарды жою), «FIBC Қазақстан» ЖШС (қанарлар, ішпек), «Төлегенов» ЖК, «Сантехтрейд» жШС (бөтелкедегі ауыз су), «АЗПО» ЖШС (өртке қарсы жабдық), «Глобал-Спецодежда» ЖШС, «Азайа» ЖШС, ««Лидерспецпром» ЖШС, «Электромашсервис Қазақстан» ЖШС (арнайы киім) секілді компаниялар бар.
Жұмыс тобының отырысы барысында әрбір қатысушының ұсыныстары назарға алынды. Атап айтқанда, өндірісі әуел басты «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС қажеттілігіне бағытталған «Игданит» ЖШС әк жеткізуге келісімшарт жасау мүмкіндігі мәселесі қаралды. Алайда, бүгінде өндіруші өнімді өткізуде бірқатар мәселеге ұшыраған.
Палата өңірде шығарылатын тауарлар бойынша сатып алуларды өткізген кезде отандық үлестің болуын талап ету қажеттілігі мәселесін көтерді.
Жиын қорытындысында жергілікті тауар өндірушілермен келісімшарт жасау процедурасын зерттеу, жер қойнауын пайдаланушылар өкілдерін ынтымақтастық мүмкіндігін егжей-тегжейлі зерттеу мақсатында кәсіпорындарға баруды ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді.
Аталған отырыс жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында жергілікті тауар өндірушілердің өнімін қарқынды түрде өткізуді мақсат тұтты.
Бұған дейін СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ТНК Қазхром» АҚ, «Восход-Ориел» ЖШС компанияларымен осындай жиындар өткізілген.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: