«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Лаззат Рамазанова – Іскер әйелдер қоғамның барлық саласында белсенді

2017 жылғы 01 Маусым
- Павлодар облысы
7091 просмотров

Ертістің іскер ханымдары Іскер әйелдер кеңесінің басым бағыттары бойынша атқарған  жұмысының қорытындысын талқылады.  Сонымен қатар Қазақстан іскер әйелдерінің үшінші конгресімен байланысты мәселелерді  қарастырды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының басшысы, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова бизсневумен қоғамның барлық саласында белсенді ұстанымды иеленетінін атап өтті.

Хатшылық басшысы Павлодардың іскер әйелдерін қауымдастыққа топтасуға шақырды.

«Бұл әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ықпал етеді, оның үстіне, мұндай шара жеке кәсібін енді бастаған қыз-келіншектерге де, тәжірибелі кәсіпкерлерге де үлкен пайдасын тигізеді», ­– деп атап өтті Лаззат Рамазанова.

Павлодар облысы Іскер әйелдер кеңесі өз жұмысының тиімділігін бірнеше рет дәлелдеген. Мысалы, осы жылдың бес айында Павлодар қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында, аудандар мен моноқалалардаға 12 Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарында 8 мамандандырылған қызмет бойынша әйелдер кәсіпкерлігінің 284 субъектісіне сервистік қолдау көрсетілді.

Жыл басынан бері 125 қыз-келіншек «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша бизнес негіздерінен білім алып, өз біліктіліктерін көтерді.

Бизнес-жоспар жасауға көмек сұрап жүгінген 12 келіншекке сол жобалары бойынша толық сүймелдеу көрсетілді. Мұнымен қоса, бизнестің 5 субъектісінің 80 млн теңгеден астам сомада мүліктік құқығы мен мүддесі қорғалды. Олардың ішінде «Ортопрот», «Агромир», «Шебер» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.

Биылғы жылы Іскер әйелдер кеңесі 14 маусымда Естай атындағы Мәдениет үйінде өтетін «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына белсене қатысуды жоспарлап отыр.

Іскер әйелдер кеңесі өз бастамаларында қыз-келіншектерге әлеуметтік және өмірлік бағытында ынталандырып, жеке кәсібін бастағандар мен тәжірибелі кәсіпкерлерге көмектесуді мақсат тұтады. Әсіресе, ауылдық жерлер мен шалғай аймақтардағы әйелдер бизнесіне көмек ерекше қажет. Себебі, сол шалғай аймақтарда даму мүмкіндіктеріне қол жеткізу оңай емес.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер