Тимур Құлыбаев Павлодар облысының туризмдегі әлеуетіне тоқталды
Өңірлік даму картасында облыстың барлық табиғи артықшылықтары қамтылады
Бұл туралы Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысында «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев хабарлады.
«Әр өңірдің аймаққа тән артықшылықтарын қамтитын, өткізу нарығы мен логистикалық мүмкіндікті ескеретін кәсіпкерлікті дамытудың бірегей картасы жасалғаны абзал. Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасында өңірдің ірі және орта компаниялары туралы ақпарат, жергілікті мамандануға сәйкес жобалар мен бизнес-бастамалар енгізілуі керек», – деді Тимур Құлыбаев.
Сонымен қатар Төралқа Төрағасы туризм саласының басқаша бағытта дамуы қажет екенін айтты.
«Павлодар облысы территориясында арнайы экономикалық аймақ, Екібастұзда индустриялық аймақ бар. Бұл аймақта дамудың әлеуеті айтарлықтай зор, соның бірі – туризм саласы. Баянауыл да кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасына енеді деп ойлаймын. Сондықтан бұл аймақта туристерге ұсынылатын жол бағыттары бойынша инфрақұрылым желілерін тарту қажет. Баянауыл – Қазақстанның жауһары, тарихи орындары бар бірегей өлке, оны табиғи қалпында сақтап қалу үшін туризмнің басқаша сапасын дамыту қажет», – деді Тимур Құлыбаев.
Төралқа Төрағасының айтуынша туризм – осы облыс территориясында дамытуда мүмкіндігі негізгі драйвер.
«Туризм саласы әлемде жақсы дамыған сала, оны елімізде дамытуға күш салу керек. Өңірлік дамыту картасын құру қажеттілігін айтқанда онда өңірдің барлық табиғи басымдықтарын қамту көзделген еді», – деді Тимур Құлыбаев.
Өз кезегінде өңір басшысы Болат Бакуов Павлодар облысында туристік саланы дамытудың Шеберлік-жоспар дайындалып, бекітілгенін хабарлады.
Облыс аумағында «Қызыл-Тау» мемлекеттік зоологиялық қорығымен Баянауыл ұлттық табиғи саябағы, Қазақстанның бірегей сайықтыру орны саналатын «Мойылды» шипажайы, Ертіз өзенінің алқабы бар, сонымен қатар көптеген табиғи, тарихи, археологиялық, мәдени және этникалық ескерткіштер сақталған. Бұл аймақта 91 туристік компания тіркелген, оның ішіндегі 82 компания турагенттік қызметті жүзеге асырып отырса, 9 компания – туристік оператор.
ЭКСПО–2017 көрмесінің қарсаңында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы «Саят-Павлодар» мен «Пять Звезд» компанияларымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл туристік фирмалар облыс бойынша 5 маршрутты дайындады.
Жұмыс сапары барысында «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Павлодар мұнай-химия зауытын модернизациялау жобасымен танысып, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында құрылған Стартап академиясына да ат басын бұрды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: