«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бас прокуратура бизнеске қатысты өз ұстанымын айқындады

2017 жылғы 01 Маусым
- Павлодар облысы
9438 просмотров

ҚР Бас прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғауды жіті назарға алады

Бұл туралы Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысында ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев хабарлады. Кеңес отырысына облыс әкімі Болат Бакуов пен жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

2017 жылдың 31 мамырында ҚР Парламенті Мәжілісі ҚР «Прокуратура туралы» Заң жобасының жаңа редакциясын бекіткен еді. Бұл Заң жобасы бизнестің заңдық мүддесі мен құқығын қорғау шаралары барынша күшейтіліп, тексерулерді азайтуға, бақылау-қадағалау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Айта кетелік, жаңа заң жобасына сәйкес, бақылау мен қадағалау жүйесін жақсарту мақсатында Бас прокуратура өзінің уәкілеттілігін шектеуге өздігінен бастамшылдық етіп отыр. Аталмыш қадам мемлекет тарапынан жасалған оң үрдісті айқындады.

«Жақып Асанов Парламентке «Бас проууратура туралы» жаңа заң жобамен шықты. Енді Бас прокуратура қудалау органнан адал кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын органға айналды деп кесіп айтуға болады. Бұл заңнама деңгейінде жасалып отырған маңызды өзгерістер», – деді Төралқа Төрағасы.

Енді Бас прокуратура бақылаушы орган өз міндетін орындамаған жағдайда ғана тексеру жүргізетін болады. Барлық тексерулер тіркелетін болады, олардың шектік мерзімі 30 күнге созылады.

«Бас прокуратурамен келіссөздер жетілу үстінде. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау ахуалы бұл органның жіті назарында болады», – деді Тимур Құлыбаев.

Төралқа Төрағасы сонымен қатар «Атамекен» Үкіметпен бірлесіп рұқсат беру жүйесіне тексеру жүргізілгенін атап өтті. Осы жұмыстың нәтижесінде ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заң қабылданды.

«Мемлекеттік органдар өздерінің нормативті актілері бойынша жаңа әкімшілік кедергілерді тудыруға жол бермейтін айтарлықтай заңнамалық сүзгі қойылды. Тексеру барысында рұқсат беретін құжаттардың саны 1115-нан 316-ға дейін қысқартылды, яғни 2/3 бөлігі алынып тасталды», – деді Тимур Құлыбаев.

Осы күнге дейін бір де бір шенеунік кәсіпкерге мемлекет өтеп берген мүліктік шығындар үшін жауапкершілікке тартылмаған.    

Енді шенеунік әкімшілік, қылмыстық және тәртіптік жауапкершілктен басқа мүліктік жауапкершілікке де тартылады: мемлекет өтеп берген шығынды ол өз қалтасынан төлейтін болады. Жаңа заң жобасы осындай жағдайда кәсіпкерлер құқығын қорғауға бақытталған.

Айта кетелік ҰКП Төралқа Төрағасы жыл сайын Съезд қарсаңында өңір бизнесі өкілдерімен кездеседі. Биыл Ұлттық палатаның кезекті Съезі 14 маусымда өткізіледі.

Бақылаушы орган өз міндетін орындамаған жағдайда ғана Бас прокуратура тексеру жүргізетін болады. Барлық тексерулер тіркеуге алыналы, олардың ұзақтығы 30 күнге созылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер