Тарифті «көлеңкеден» қалай шығаруға болады?
«Атамекенде» тариф белгілеудің ынталандыру әдістерін енгізу мәселесі талқыланды
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында тариф белгіленімінің ынталандыру әдістемесін енгізу мәселесін талқылауға арналған жиын өтті. «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың жетекшілігімен өткен басқосуға мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан Елдос Рамазанов тариф бойынша Кеңес жұмысын жетілдіру туралы ұсынысын ортаға салды.
«Кеңестің соңғы отырысы жарты жыл бұрын өтті, сондықтан Кеңес құрамын кеңейту туралы ұсыныс білдіргім келеді, себебі құрамына өңдеу өнеркәсібі, машина жасаушылар, агроөнеркәсіп кешені мен химия өнеркәсібі одағының секілді табиғи монополиялар субъектілерін пайдаланушылардың өкілдері қатыстырылмаған. Бұл бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Сонымен қатар, қосымша кеңес немесе жұмыс тобын құруды ұсынамын. Ұсынысымды қолдайды деп ойлаймын, барлығын, сондай-ақ өңірлерді де іске тартамыз», – деді Елдос Рамазанов.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ҚР Табиғи монополиялар туралы жаңа заң жобасын ұсынған.
Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев тарифке қатысты жұмысты ерекше бақылауға алып отырғанын атап өтті.
Заң жобасының басты мақсаты – қолданыстағы шығыны көп әдістің орнына тариф белгілемесінің жаңа әдісін кезең-кезеңімен енгізу үшін құқықтық негіз қалыптастыру.
«Табиғи монополиялар мен нарықты реттеу туралы қолданыстағы заң жобасы 1998 жылы қабылданды, онда шығыны көп әдістеме бекітілген және тариф белгілемесінің жаңа әдістемесін енгізуге жол бермейді. Бұл заңға қабылданғалы бері 15 заң бойынша 200-ден астам түзету енгізілді, тарифтік реттеу процедурасы заңға қосымша 79 актіде бекітілген», – деп нақтылады Басқарма Төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Төрағасының орынбасары Рустам Ахметов талқыланып отырған заң жобасы тариф белгілемесінің жаңа құралдарын енгізуге және ашықтығын арттыруға жолданғанын атап өтті.
«Заң жобсын алғаш рет электронды форматқа салып отырмыз. Онда тұтынушылар үшін тарифке қатысты барлық есептеулер көрсетілген. Осылайша, табиғи монополиялар субъектілеріне тариф белгілемесіне қатысты коммерциялық ақпаратты және кез келген басқа да дүниелерді тануға тыйым саламыз», – деп түсіндірді Рустам Ахметов.
Кездесу барысында Еуропа қайта құру және даму банкінің кеңес беруші мамандары ұсынылып отырған реттеу механизмін түсіндірді. Механизмге реттеудің ұзақмерзімді кезеңі, инвестициялық капиталға кіріс пен қайтарып беруді анықтау, операциялық шығындардың тиімділігі мен сапа көрсеткіштерін анықтау және т.б. элементтер кіргізілген.
«Ұзақ мерзімділіктің арқасында экономикалық жоспарлау тұрақтылығы, баға мен сапаның өзара байланысын қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылық пен үнемдеуді қолдану мүмкіндігі негізгі артықшылықтары болып саналады», – деп атап көрсетті ЕҚДБ кеңесшісі Анатолий Авксеньтев.
Алайда Кеңес мүшелері тарифтердің өсуі мен түрлі салада бейімдеудің қиындығы туралы қауіптенетіндіктерін жеткізді.
Өз кезегінде, қоғам қайраткері Петр Своик реформалау қажет екенін қолдап, өз ұсынысын ортаға салды.
«Расымен де, бұл әдістеме тиімді көрінеді. Дегенмен, бізге не береді, не жетпейді, нені қосу керектігін түсіну керек. Қазір басты мәселе қайсы? Ол тұтынушылар, әсіресе шағын және орта бизнес өзінің төлеуге қабілеттілігінің шегінен шығу керектігінен тұрады. Кәсіпорындарға (табиғи монополиялар субъектісіне – ред.) шынымен де инвестиция керек. Ұлттық палатаға ауқымды жұмыс жүктеледі деп ойлаймын. «Атамекенде» біліктілігі сапалы техникалық талдау бар. Аудитор өз жағдайын баяндауы керек, сондай-ақ монополист те өзінің жағдайын айтуы қажет, сондай-ақ өкілдер мен тұтынушылар да жасырмағаны жөн, сол ақпараттардың барлығын салыстыра келе, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрелігін айтады», – деді Петр Своик.
Қазақстан электр энергиясы қауымдастығының төрағасы Шәймерден Оразалинов ЕҚДБ кеңесшілері ынталандыру әдістемесін енгізген кезде тарифтің болжанатын өсуінің сандық көрсеткіштерін беруді сұрады. Құрастырушылар аталған мәліметтерді беруге уәде етті.
Елдос Рамазанов жиынды қорытындылай отырып, пікір жинақтап, оны ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне енгізу үшін «Атамекен» бизнес-қоғамдастық өкілдерінен сындарлы ұсыныстар күтетінін атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: