Бәсекелік орта әлеуеті талқыланды
Мемлекеттік қызметті бәсекелік орта мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру туралы заң жобасы бойынша қоғамдық талқылау өткізілді
Мемлекеттік қызметті бәсекелік ортаға беру өзекті мәселе. Бұл үдеріс қалай және қашан жүреді? Мемлекеттің мүддесі қандай, кәсіпкерлердің құқығы қалай қорғалады сынды түрлі сұрақтар орын алатыны да рас. «Атамекен» ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеу департаментінің директоры Айжан Бижанованың жетекшілігімен мемлекеттік қызметті бәсекелік орта мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру туралы заң жобасы бойынша қоғамдық талқылау өткізілді.
Аталмыш шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігі және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.
«Атамекен» ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеу департаментінің директоры Айжан Бижанованың айтуынша заң жобасы «100-қадам» Ұлт Жоспарының 97-қадамына негізделіп әзірленген. Онда мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру туралы тапсырма айтылған.
Мемлекеттік функцияларын бәсекелік орта мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру туралы заң жобасының таныстырылымын ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару және функционалдық талдау мәселелері жөнінде мемлекеттік органдарды үйлестіру басқармасының жетекшісі Асқарбек Ертаев жасады.
Мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру үдерісі 7 кезеңнен тұрады.
1-кезең. Бәсекелік ортаға берілетін мемлекеттік функциялардың жыл сайын іріктеуін жүргізіледі;
2-кезең. Үкімет жанынан құрылған Комиссия дайындаған қызметтердің алдын ала тізбесі бекітіледі;
3-кезең. Бәсекелік ортамен талқылау жүргізу. «Атамекен» ҰКП мен ҚР Ұлттық экономика ресми сайттарында қызметтердің алдына ала тізбе мен паспорттары жарияланып, бұл кезең жүзеге асырылады.
4-кезең. Нарық дайындығын білу мақсатында сараптама жүргізіледі және бәсекелік ортаға берілмек мемлекеттік органдар қызметінің соңғы тізбесі әзірленеді;
5-кезең. Үкімет жанынан құрылған Комиссия алдында нарық дайындығына жасалған сараптама нәтижесін ескере отырып, бәсекелік ортаға берілмек мемлекеттік органдар қызметінің соңғы тізбесі бекітіледі;
6-кезең. Жасалған ұсыныстарды заңнамалық тұрғыда бекіту;
7-кезең. Бәсекелік ортаға берілген мемлекеттік органдар қызметінің іске асыру бойынша мониторинг өткізу.
«Салалар бойынша заң жобасы қабылданған соң көтерілер мәселелер, сұрақтар көп болады. Бұл жұмыстың басы. Алдағы уақытта әр сала бойынша кеңейтілген талқылауларды өткіземіз, талқылауға саламыз», – деді Асқарбек Ертаев.
Айжан Бижанова мемлекеттік орган заң жобасын әзірлегенде шетелдік тәжірибенің ішінен өзіне оңтайлы жағын алып, соны заңнамаға салады. Онда екінші тараптың мүддесі ескерілмейтінін айтты. «Бұл барлық министрліктің жүйелі мәселесі. Мемлекеттік орган өзінің өзі-өзі басқару бағдарламасын енгізгісі келеді, ол уақытша құбылыс. Қазір сарапшыларды дайындап жатырмыз. Аталмыш заң жобасы кәсіпкерлерді мүддесін барынша ескеретін балады», – деді Айжан Бижанова.
«Атамекен» ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеу департаментінің директоры мемлекеттік функцияларды алуға дайын компаниалярдан сараптамалық базаны жүргізуді сұрады. Өйткені кәсіпкер нарықтағы мәселелерді жақсы біледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: