«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Орал іскер әйелдері салалық қауымдастық құру туралы ұсыныс берді

2017 жылғы 29 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
7502 просмотров

Іскер әйелдер кеңесінің кезекті отырысында бизнес-қоғамдастық өкілдері жекелеген сала қызметінің өзекті мәселелерін шешу үшін, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдердің бизнесін ресми тіркеуге шақыру мақсатында салалық қауымдастық құру туралы ұсынысты ортаға салды.

Өңірлік палата жанынан құрылған Іскер әйелдер кеңесінің басты мақсаты – жеке кәсібін ашқан қыз-келіншектерге бизнес-жобаны дайындауда практикалық көмек беру, Қазақстанда «іскер, әлеуметтік белсенді әйел» мәртебесін арттыру. Бүгінде Кеңес құрамында 30 кәсіпкер әйел бар. Олар әрдайым кездесіп, мәселелерді талқылап, ұсыныстарын ортаға салады. Мәселенің шешу жолдарын ұсынады. Кеңестің кезекті отырысында өңірде салалық қауымдастықтар құру қажеттілігі мәселесі көтерілді.

«Бұл шара қандай да бір саладағы мәселені шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған келіншектердің бизнесін заңдастыруға мүмкіндік мол. Көрме, таныстырылым өткізу, оқыту, жұмыспен қамту мәселелерін шешуге де ықпалы тиеді. Іскер әйелдер кеңесінің жанынан осындай бірлестіктерін құру тәжірибесі өзге облыстарда бар, сондықтан біздің кәсіпкер әйелдер сол тәжірибені белсене қолданулары керек», ­– деп атап өтті Кеңес төрайымы жұлдыз Құспанова.

Келешекке арналған жоспарды талқылау барысында іскер әйелдер жобаларын таныстырды. «Гера» әйелдер мектебінің жетекшісі ретінде Маргарита Булдакова Орал қаласында Йога күнін атап өту туралы хабарлады.

«БҰҰ-ның қарарымен үш жыл бұрын 21 маусымды Йога күні деп белгіледі. Осы күнге орай іс-шара 28 маусымда Атоян стадионында таңғы сағат 8-де өткізіледі. Біздің мақсатымыз – салауатты өмір салтын ұстанулары үшін халықтық көп бөлігіні тарту керек. Іс-шараға қатысу ерікті түрде әрі тегін», –деді іс-шараның ұйымдастырушысы, әйелдер мектебінің негізін қалаушы Маргарита Булдакова.

Сонымен қатар кездесуде алдағы уақытта өткізілетін Қазақстанның Іскер әйелдер кеңесінің ІІІ конгресіне қатысты мәселелер талқыланды. Ауқымды іс-шараға аудандық Іскер әйелдер кеңесінің жетекшілері қатысады деп жоспарланып отыр, басты мақсат ­– өңірді барынша таныту.

Кеңес отырсында жас кәсіпкер Лариса Калиеваға демеушілік көмек табысталды.

Кездесу соңында іскер әйелдер «Шаңырақ» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Мұнда балабақшасына, спорт залдар мен емдік-сауықтыру орталықтарының ойын және сенсорлық бөлмелеріне арналған жабдықтар жасалады. Барлық өнім #balalar_kids брендімен шығарылады.

Кәсіпорын балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жұмыс орнын беру мақсатында құрылған. Компанияның коммерциялық директоры Жанар Шаяхметова шығарылатын өніммен таныстырды. Кездесу барысында балалардың ойын өнімдерін шығарушыларда туындайтын мәселелер, жергілікті өндірушілерді қолдау тақырыбы талқыланды. Кеңес өкілдері «Шаңырақ» кәсіпорнына Іскер әйелдер кеңесінің қайырымдылық шараларына атсалысуға шақырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер