«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында кәсіпкер бизнесін қорғауға бір жыл уақыт жұмсады

2017 жылғы 25 Мамыр
- Ақмола облысы
5896 просмотров

Мемлекеттік органдардың жобаны жүзеге асыруға берген рұқсатты алып тастауы қалыпты жағдайға айналды

Атбасардағы танымал кәсіпкердің басындағы оқиға желісі сан қилы: шенеуніктер су құбырын салуға ресми құжат бере отырып, түрлі сылтауларды айтып, оң шешімді қайта жойғылары келген.

«Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін қорғау мақсатында Палата құру туралы бастама үшін алғыс білдіремін. Осы бір жылда мен жүргізген су құбырын, менің бизнесімді қорғау үшін күрескенде Палата қолдау көрсетті», ­– дейді Игорь Геринг.

Алматы-Екатеринбург тас жолының бойында қызмет көрсету нысанына су құбырын жүргізу үшін әкімдік арнайы рұқсат берген. 7 млн теңгеден астам сомаға бағаланған жоба жүзеге асырылған. Дәл сол кезде әкімдік тарапынан наразылық туындап, су құбыры тиісті жерге жүргізілмегені, жұмыс дұрыс орындалмағаны туралы сөз қозғалған. Шенеуніктер тексеру актісін дайындап, оның негізінде бұрындары шығарылған рұқсатты жойған.

Өңірлік палатаның жергілікті филалындағы сарапшылар Атбасар ауданының әкімдігі мен прокуратурасына сұрау салды. Кеңселік жауап та берілген. Игорь Геринг әкімдіктің заңға қайшы әрекеті үшін сотқа арыз берген, тиісінше сот кәсіпкердің пайдасына шешім шығарып, жаңа өкімді жойып, ескісін өз күшінде қалдырды.

Алайда, күтпеген жерден жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі облыстық басқарма іске араласып, кәсіпкер жерді заңсыз алды деген уәж келтірген.

«Атбасарда мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр. Жылу-су трассасын жасайтын кәсіпкерлер жер учаскесін алмайды және оны тіркемейді, ол жер жалпы көпшіліктің пайдалануында қалады», – дейді Өңірлік палата филиалының директоры Роза Тасмагамбетова.

Бұл іс қадағалау органдарының араласуымен шешілді. Облыс прокурорының орынбасары Қуаныш Әміралиннің араласуымен, қала әкімдігі мен кәсіпкер арасында жүргізілген су құбырын пайдалану жөніндегі кепілдік келісіміне қол қойылды.

Бүгінде бизнесмен жол бойында қызмет көрсету нысанын салу үшін жобалық-сметалық құжат дайындауға кірісті.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер