«Атамекен» мен «KAZAKH INVEST» арасында тығыз байланыс орнайды
Астанада «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Меморандумға сәйкес, екі тарап әлеуетті инвестициялық жобалар, салалық және өңірлік шолуларды талдау, маркетингтік зерттеулер қорытындысы бойынша ақпарат жинау мен алмасуды, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ және индустриалдық аймақтарды дамыту мәселелерін зерттеуді жүзеге асырады.
«Бүгінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында жер учаскелерін бөлу, рұқсат құжаттарын алу, сондай-ақ инвестициялық жобаларды сүйемелдеу сынды қызметтер атқарылады. Кәсіпкер мәселелерін бір жерден шешу мақсатында көші-қон мамандарын орталыққа тарту үшін көші-қон басқарамсымен де келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әкімшілік сұрақтарды шешуде мекемелер мен құрылымдар саны неғұрлым аз болса, соғұрлым кәсіпкерге қолайлы. Осы тұрғыда «Kazakh Invest» акционерлік қоғамымен де бірлесіп жұмыс істеуге болады. Осы жылдың аяғына дейін бірнеше өңірде Инвесторлаға қызмет көрсету орталықтары құрылуы қажет. Екі құрылымның да мақсаты бір – инвестицияларды тарту және сүйемелдеу үшін қызмет атқару», – деді ҰКП Басқарма Төрағасы.
Енді «Атамекен» ҚР ҰКП «Kazakh Invest» ҰК» акционерлік қоғамына Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасының жобалары бойынша инвесторларды сүйемелдеуге көмектесетін болады. Оның ішінде кездесулерді ұйымдастыру мен инвесторларды мемлекеттік органдарда сүймелдеу, жер учаскелерін бөлу мәселесіне ықпал ету, рұқсат құжаттарын алу, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесінде кез келген кеңес беру қызметін атқарады.
Сонымен қатар «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ өкілдері үшін «Атамекен» ҚР ҰКП Қазақстанның әрбір өңіріндегі кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталықтарының 7 платформасында жабдықталған жұмыс орнын беру туралы келісім жасалды. Бұл мемлекеттік қызметтің барлығын алуды және операциялық сұрақтардың жедел шешілуін қамтамасыз етеді.
Тараптар Қазақстандық өндірушілердің өнімдерін экспортқа шығаруда, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың Ресей Федерациясы мен Қытайдың ірі сауда желілеріне шығуына бірлесіп күш жұмсайлы.
«Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашев шетелдік инвесторларды тарту үшін жобалар жасап, жағдай тудыру мәселесін талқылау мақсатында тұрақты түрде кездесу өткізуді ұсынды.
«Компанияның даму стратегиясы шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу барысында ҚР Үкіметі атынан «бірыңғай келіссөз жүргізуші» мәртебесін қарастырады. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мүдделі тараптардың барлығымен сындарлы өзара түсінушілік қалыптастырамыз. Ортақ мақсатқа жету үшін күшімізді біріктіруге, тығыз әрі ынтымақтастықпен жұмыс істеу маңызды. Осы жерде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс істеудің мүмкіндігі зор екенін көріп отырмыз», – деді Мақсат Қабашев.
Сонымен қатар «Kazakh Invest» ҰК» АҚ шетелдік өкілдері өздерінің құзіреттілігі шеңберінде отандық өндірушілерінің экспортқа шығуға, оның ішінде Ресей Федерациясы мен Қытай халық республикасының ірі сауда желілеріне шығуға жан-жақты қолдау көрсетеді.
«Атамекен» ҰКП өкілдері «Kazakh Invest» платформасында құрылатын Жобалық комитет құрамына кіретін болады. Аталған комитетке ұлттық холдингтер мен компаниялар, сондай-ақ қажеттілік бойынша мемлекеттік органдар да кіретін болады. Комиеттің негізгі мақсаты – инвестициялық жобаларды құрылымдау және қаржыландыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Анықтама үшін:
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйым. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында құрылған. Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін білдіреді және құқықтарын қорғайды. Палата өз қызметінде кәсіпкерлік саласының, оның ішінде ішкі және сыртқы сауда салаларын қамтиды.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.
«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ* Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту бойынша уәкілетті орган болып табылады. Компанияның шетелде өкілдерінің ауқымды желісі бар.
ҚР Үкіметінің №100 01.03.2017 жылғы Жарлығына сәйкес экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының атуы «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып өзгерді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: