«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тиісті дәріханалық практика стандартының бизнеске талабы жоғары

2017 жылғы 22 Мамыр
- Астана қаласы
11108 просмотров

Отандық дәріханалардың  (good pharmacy practice) – тиісті дәріханалық практика ережесіне көшу мәселесі «Атамекен» ҰКП алаңында бірнеше рет талқыланған. Басты мәселе – жаңа стандарттың бизнеске ауыр тиетін талаптар

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева халықаралық дәріханалық практика стандарттарын енгізуде оларды Қазақстан нарығына икемдеу қажеттілігін айтты.

Стандарт ережелерінің талаптары тым көп, ал Тиісті дәріханалық практика стандартына GPР толықтай көшу мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін. Бұл мерзімге дейін шағын дәріханалар стандартта көрсетілген талаптардың нормаларын орындай алмайды.

Мәселен, өңірлік кәсіпкерлердің айтуынша жаңа стандартқа сай әр дәріхана штатында дәрігер-кеңес беруші, клиникалық фармацевт болуы керек. Сонымен қатар әр дәріхана өздігінен қан құрамындағы қант деңгейін тексеру, жүкітілікті анықтайтын тест жүргізу, қан қысымын өлшеу сынды процедураларды іске асыруы керек. Ал ол үшін дәріхананың ауданын ұлғайту, қосымша медицианлық қызмет жүргізуге рұқсат беретін лицензияны алу қажет.   

Бұл шамадан тыс талаптарға шын мәнінде көп қаржы жұмсалады. Ал оған шағын бизнес өкілдері дайын емес. Осы ретте бұл енгізілмек талаптар дәріханада сатылатын дәрі-дәрмектің сапасын арттырмайды, дәрілердің сақталуына, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасына әсер етпейді.

Сонымен қатар республика бойынша талаптарға сай клиникалық фармацевтердің тапшылығы сезіледі. Өйткені олардың барлығы ауруханалар мен емханаларда еңбектенеді. Оларыдң қызметі – емханадағы әр науқасқа жекелей дәрілік қызмет көрсету.

Дәріхана қызметі дәрілік құралдары мен медициналық өнімдер саласында  кәсіпкерлер көтерген әр мәселе мемлекетік органдардың қарауына жіберіледі.

Жұмыс тобының «Атамекен» ҰКП алаңында өткен бірнеше талқылауынан кейін қолданыстағы Тиісті дәріханалық практика стандартына өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстар топтамасы дайындалды.

Сонымен қатар, ҰКП Жұмыс тобында Тиісті дәріханалық практика стандартына көшу мерзімі де талқылануда. Қатысушылардың пікірлері ұсыныстар легіне шоғырландырылып, мемлекеттік органда қаралып, іріктілетін болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер