«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туризм саласындағы екі бірдей қауымдастық құрылған күнін атап өтті

2017 жылғы 19 Мамыр
13758 просмотров

Қазақстан туристік қауымдастығына 18 жыл 

Бүгін Қазақстанның туризм саласындағы алғашқы қоғамдық ұйым – Қазақстан туристік қауымдастығының туған күні.  Оның негізі Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен 1999 жылдың 19 мамырында қаланған.  

18 жыл қатарынан Қазақстан туристік қауымдастығы туристік және сақтандыру және авиакомпаниялар, жоғары оқу орындары мен БАҚ өкілдерін біріктіріп келеді. Сонымен қатар Қазақстан туристік қауымдастығы құрамында  туристік нарықтың 400 субъектісін біріктіріп отырған Қазақстанның қонақ үйлері мен мейрамханалары қауымдастығы бар.

Қауымдастық құрылымында ақпараттық орталық, оқу орталығы, экотуризм орталығы, қонақжайлылық индустриясының сертификаттық орталығы бар. Осы мүмкіндіктер арқылы қауымдастық тарапынан түрлі шаралар мен кездесулер, туризм тақырыбында ғалыми зерттеулер, мен сараптамалар жасауға, оқу бағдарламаларын өткізуге сеп.  

Сонымен қатар туризм қауымдастығында туроператорлар, турагенттіктер, авиакомпаниялар секциясы, мамандар, гидтер мен экскурсия жетекшілерін дайындау секциялары үнемі жұмыс істейді. 

Негізгі жұмыстан бөлек  қауымдастық «Қазақстанның турситік қауымдастығы және Қазақстанның қонақ үйлері мен мейрамханалары қауымдастығының хабаршысы» басылымын шығарады. Бұл басылымның туристік салада еңбектенетін ұйымдар үшін ақпараттық  маңызы зор.

Қауымдастық президенті Роза Асанбаева экономика ғылымдарының кандидаты, туризм саласында 25 жылдан астам уақыт еңбектеніп келеді. Іскер әйел қос қауымдастықтың құрылуына атсалысқан адам. Роза Асанабева ҰКП Төралқасы мүшесі, Туристік сала комитетінің төрайымы, сонымен қатар «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. Ол Қазақстан туристік саласының құрметті қызметкері, ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл мерейтойлық медалімен марапатталған.

Рашида Шайкенова Қазақстанның қонақ үйлері мен мейрамханалары қауымдастығының 2000 жылдан бастап директоры, 2005 жылдан бастап ҚР Үкіметі жанындағы Туризм бойынша сараптамалық кеңестің мүшесі, 2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Кәсіптік-техникалық мамандарды дайындау ұлттық кеңесінің мүшесі.  Халықтық білім беру ісінің үздігі, «ҚР туризмін дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған.

Өзінің туған күнін 2006 жылы 18 мамырда құрылған  Астаналық туризм қауымдастығы да тойлап жатыр.

Астаналық туризм қауымдастығы  елордалық туризм нарығы өкілдерін біріктіреді. 11 жыл ішінде ұйыммен пайдалы шаралар өткізіліп, маңызды істер атқарылды.

 Астаналық туризм қауымдастығы түрлі оқыту бағдарламаларын қолға алып, туризм саласында ғылыми-зерттеу жобаларын іске асырып жатыр. Қауымдастық үнемі ізденіс үстінде. 2016 жылы қауыдастық Қазақстан туристік агенттері қауымдастығы және ҰКП-мен бірлесіп Қазақстан-Қытай туристік форумын өткізді.

Бүгінде қауымдастық елорда деңгейінен өсіп, мемлекеттік маңызы бар ұйымға айналды. Қауымдастықтың жетістігіне тікелей үлес қосқан Рысты Қарабаеваның еңбегі зор. Рысты Қарабаев туризм саласының магистрі, сертификатталған бизнес-тренер, мемлекеттік деңгейде түрлі алғыс хаттармен марапатталған.  Қазақстан туризм саласында еңбек етіп, сала дамуына үлес қосқан.

Қауымдастықтарды айтулы датамен шын жүректен құттықтаймыз. Еңбектеріңіз табысты, істеріңіз оңды болсын!  Қоғамға маңызы бар жобалар іске ассын!

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер