«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық және кедендік әкімшіліктендірудегі сыбайлас жемқорлық қатерлері анықталды

2017 жылғы 19 Мамыр
2799 просмотров

Елімізде сыбайлас жемқорлық жиі орын алатын сала – кеден  

ҚР Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде салықтық және кедендік әкімшіліктендіру салаларында атқарылған жұмысты қорытындылау бойынша кеңейтілген отырыс өтті. Шараға ҚР Парламенті депутаттары, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдар мамандары мен бизнес-қауымдастықтар қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың айтуынша Агенттік пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен іс-қимылына жарты жыл толды. Осы уақыт аралығында  іскерлік ахуал бойынша ауқымды сараптама жасалды. Ең көп сыбайластық жемқорлыққа жол беретін сала – кедендік сала екені анықталды.  Салық және кедендік салада тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілердің саны артқан. Егер 2016 жылы 61 іс қозғалса, 2017 жылдың алғашқы тоқсанында 58 факті тіркелген. Осының бәрі жемқорлық бойынша қылмыстардың былтырғы жылмен салыстырғанда  81%-ға артқанын көрсетеді.

Құқықтық статистикаға сәйкес, кеден саласынан кейін 2016 жылы жауапқа тартылған орталық органдар арасында - Қаржы министрлігі екінші орында. Әсіресе ведомство құрамындағы мемлекеттік кіріс органдарының үлесі - 86%. Сондықтан Қаржы министрлігінен осыған мән беруін сұраймыз. Мысалы 2016 жылы мемлекеттік кіріс органдарынан бір қызметкер жауапқа тартылса, 2017 жылдың 1 тоқсанында бірден үш адамға жетті", - дейді ол. 

Агенттік пен «Атамекен» ҰКП арасындағы ынтымақтастық туралы  келісімнің нәтижесінде Жол картасы қабылданған болатын. «Екі тараптың бірлескен жұмысы бойынша денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік сатып алулар, сәулет және қала құрылысы салаларында 136 ұсыныс жасалды, олардың 60%-ы заңнамалар мен заң актілеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған», – деді Алик Шпекбаев.   

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев Салық кодексінің жиі өзгертуге ұшырайтынын айтты. 

Сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің айтуынша Салық заңнамаларындағы қиын мәтіндер, жиі толықтылулар мен өзгертулер қылмысқа итермелейді. Кәсіпкерлердің жиі салық төлеу бойынша тәртіп бұзулары салық заңнамасының тұрақсыздығымен, үнемі өзгеріске ұшырауымен түсіндіріледі. Өйткені салық кодексі тиісті сараптамасыз өзгертіліп отырады. Мәселен, 2009 жылы құжат  125 заңмен өзгерді, 2515 бапқа өзгерістер енгізілген. Осындай жиі орын алатын құжаттық өзгерістер мемлекеттік салықтық жүйесін инвестициялық тартымдылығын төмендетіп, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға кедергі болады.

«Атамекен» ҰКП сарапшылары салықтық заңнаманы тұрақтандыру мақсатында салық заңнамасын жетілдіретін стратегиялық құжатты қабылду қажеттілігін айтты. Осы арқылы фискалды саясаттың негізгі бағыттары анықталады. Ал өзгертулер жылына бір рет жасалуы қажет. Жаңа Салық кодексін құруға тікелей қатысқан ҰКП «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Салық департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова құжаттың артықшылықтарын айтты.

«Жаңа салық кодексі өзгеше болады, оның мәтіндік түсінігі өте жеңіл. Алдағы құжатта ережелер шашыраңқы жүрсе, енді ережелер ретпен жазылады.  Салық салу бойынша талаптар мен ережелер заңды тұлғалар үшін бөлек, жеке тұлғалар үшін бөлек бөлек жазылатын болады. Кәсіпкерлер үшін қажетті салық баптары 1 ғана бөлімде көрсетіледі», – деді Жеңіс Жанболтаова.  

Шара барысында сонымен қатар салық органдарының шамадан тыс тексеру жасауы сөз болды. ҚР Бас прокуратурасының деректері бойынша бақылау-тексеру жүргізітені органдар арасында салықтық тексерулер  көп жасалады, 2015 жылы 20 376 (32%), 2016 жылдың 9 айы бойынша – 18 879 (25 %) тексерулер жасалған. Салық кодексінің 627 бабы 9-тармағына сәйкес жоспардан тыс тексеру жасау үшін 32 қосымша негіздеме бары анықталды. Шара барысында жаңа Салық кодексте жоспардан тыс тексерулерді азайту, салық төлеушінің адалдығы мен кінәсіздігі принциптерін енгізу, тәуекелдермен күрес бойынша құрамдастырып басқару, алдын ала салық бақылауын енгізу, аудиторлық компанияларымен атқарылатын тексерулердің баламалары тізбесін жасау, салық саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құру, электронды аудит шарттарын енгізу мәселелері талқыланды.    

Шара барысында Агенттіктің өңірлік мамандары дайындаған сыбайлас жемқорлыққа қатысты бейне ролигі көрсетілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер