Тимур Құлыбаев Қызылорда кәсіпкерлерімен кездесті
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қызылордаға жасаған іссапары барысында бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты
«Атамекен» басшысы ең алдымен «Нұр-строй» ЖШС Қызылордадағы филалына барды. Қарқынды әрі заманауи дамып отырған кәсіпорынның негізгі жұмысы көпсалалы құрылысқа арнап темірбетонды бұйымдар мен констукцияны шығаруға бағытталған. 2012 жылы іске қосылған кәсіпорынның жылдық қуатымен 60 мың м3 өнім дайындайды.
Зауытта қалыптық, арматуралы, бетон араластыратын, шикізаттық және механикалық жөндеу цехтары жұмыс істейді. Бүгінде 220 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр әрі жұмысшыларының әлеуметтік жағдайына ерекше көңіл бөледі.
Зауыт директоры Нұрлыбек Қалекеевтың айтуынша, өңірдегі құрылыстың қарқынды дамуы өнім сұранысының жоғарылығымен түсіндіріледі. Зауыт өнімі Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында кеңінен танылған.
Тимур Құлыбаев бастаған елордалық қонақтар, сонымен қатар, Қызылордада ерлер жейдесін тігетін фабриканың жұмысымен танысты.
Тігін фабрикасының жетекшесі, «DALATEX» ЖШС директоры Ділмұхамед Абизов кәсіпті қалай жолға қойғанын баяндады.
«Ең басында тауарды шет елден әкеліп, жергілікті базарда саттық. Бірақ кейіннен өңірде де ерлер киімін тігумен айналысуға болатынын түсіндік», – дейді «DALATEX» басшысы.
Фабрикада барлық технологиялық процеске қажетті заманауи озық жабдық қойылған. Қазіргі таңда өндіріс көлемі айына 7-9 мың жейде тігуге дейін жетті. Келешекте айына 10-12 мың өнім дайындау жоспарланып отыр. Бүгінде мұнда 40 жұмысшы еңбек етеді.
Қосымша жетілдірілген, компьютерлендірілген құрылғылар сатып алынуда. Сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін еліміздің өзге де өңірлерінен сауда қоймаларын ашу жоспарланған. Бүгінде кәсіпкер ресейлік әріптестермен ынтымақтастық орнатып отыр. Оның стратегиялық жоспарына сәйкес болашақта ТМД елдеріне арнап жейде түрлері шығарылады.
Кәсіпорындағы кездесудің соңында Төралқа Төрағасы тілек кітабына өз пірікін қалдырды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: