«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмысшы мамандығына арналған «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2017» байқауында Солтүстік Қазақстан өкілдері жеңімпаз атанды

2017 жылғы 16 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
12920 просмотров

Астанада жұмысшы мамандығын алып жатқан студенттер арасындағы басты байқау өз мәресіне жетті

Жыл өткен сайын жастар арасында бұл байқаудың танымалдылығы артып келеді. Мысалы, 2015 жылы жеті кәсіби әлеует болса, биыл оның саны 30-ға жеткен. Қазақстанның әрбір өңірінен үздік атану үшін 300-ден астап қатысушы келген, оның ішінде 10 қатысушы Солтүстік Қазақстан облысының атын танытты.

Қазақстан жұмысшы мамандығының танымалдалығын арттыру мен мәртебесін арттыруды мақсат тұтқан халықаралық қозғалыс «WorldSkills» қауымдастығына 2014 жылы мүше болды.

«Құрғақ құрылыс және сылақ жұмысы» кезеңінің байқау қорытындысында 12 қатысушының арасында Евгений Смиронв жеңімпаз атанды. Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің жас маманы CIS бағалау жүйесіндегі 100 ұпайдан 71 ұпай алды. Бұл Евгенийдің «Worldskills Kazakhstan» ұлттық чемпионатындағы үшінші жеңісі. Бірінші орын алғаны үшін жеңімпазға 100 мың теңгелік сертификат табыс етілді.

Тағы бір жеңімпаз – Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті Ол «Кірпіш қалау» аталымында үздік атанды. Өзінің тәжірибелік білімінің жоғары деңгейін, кәсіби машығы мен икемін таныта отырып, қарсыластарынан озық болды.

Жеңімпаздар арнайы медальмен және 1 дәріжелі дипломдармен марапатталып, қазан айында Абу-Дабиде өтетін «Worldskills Competition» халықаралық чемпионатына жолдама алды. Сонымен қатар Евгений Смирнов «WorldSkills Russia» чемпионатына қатысу үшін Краснодарға аттанды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер