«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылыс нысандары жобаларына экологиялық сараптама қалай жасалады?

2017 жылғы 12 Мамыр
- Астана қаласы
8972 просмотров

«Атамекен» құрылыс саласына уақыт пен қаржыны үнемдейтін «бір терезе» порталын енгізуді ұсынып отыр 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың жетекшелігімен құрылыс нысандарының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі талқыланды.

Басқосуға мемлекеттік органдары өкілдері  және құрылыс компаниялары мен салалық қауымдастықтар басшылары келді.

Айта кетлік, биылғы жылдың ақпан айында экологиялық сараптама жасауда бір қатар өзгертулер енгізілді.   Атап айтсақ, құрылыс жобаларына экологиялық сараптама жасаудың қоршаған ортаға әсерін бағалау ҚР Энергетика министрлігінен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Мемсараптама» РМК-ға өтті.

Құрылыстағы сметалық-жобалық құжаттарын сараптаудың бір түріне экологиялық сараптама жатады. Бұл сараптама қоршаған ортаны қорғау, экологяиылқ нормаларды қатаң сақтану үшін жасалады. «Күн тәртібінде құрылыс жұмыстарына рұқсат беретін құжаттарды рәсімдеу машақаты жайлы

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлер тарапынан түрлі шағымдар түседі. Тәжірибе көрсеткендей бұл үдерсте көптеген әкімшілік кедергілер бар. Өйткені, экологиялық сараптама қорытындысын алуға кететін мерзім тым ұзақ. Құрылысты бастағысы келетін кәсіпкер уақытын мен қаржысын жоғалтады. Сондықтан бүгінгі талқылау алаңында осы мәселені шешу үшін құжаттарды тексеруге кететін уақыт мерзімін азайту, Экологиялық кодексіне өзгертулер енгізуді  талқылап, ұсыныстарды ортаға салайық», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов.

Экология сараптама жасалған соң, құрылыс басталды делік, осы уақытта Экологиялық комитет бизнесменге тағы қосымша түрлі талаптар қоюы мүмкін. Осы тұрғыда ҰКП Экологиялық департаментінің директоры Қуаныш Балтабаев бизнес атынан рұқсат қағаздары рәсімдейтін «бір терезе» порталын енгізу туралы ұсыныстарын айтты. Мәселен, тапсырыс орындаушы бір терезе бойынша барлық құжаттарды тапсырып, рұқсат құжаттарына өтінім беріп, сол терезеден барлық мемлекеттік органдардың рұқсатын 45 күнде алады. Бұл жеңілдік әсіресе табиғат ресурстарын пайдаланушыларына жақсы көмек.

«Бұл порталға біз бірден барлық мемлекеттік органдарды да тартқымыз келеді. Табиғат ресурстарын қолданушы порталға өтінішін салады, содан ары қарай уәкілетті органдар құжат бойынша өзіне тиесілі бөлімін қарастырып, өз рұқсатын немесе ескертпелерін жасай алады. Кейін 20 жұмыс күні ішінде осы жобалық жұмысты қарастыру науқаны жүреді. Нәтиіжесінде әр уәкілетті орган өзінің позициясын, хаттамасын  шығарады, кәсіпкер не «иа», не «жоқ» деген жауап алады. Ескертпе жасалса, табиғат ресурстарын  пайдаланушы 10 жұмыс күні ішінде ескертпелерді жөнге келтіреді. Осылайша барлық сметалық-жобалық жоспарлау, рұқсат алу үдерісі 45 күнде орындалады. Кейін құрылысқа экологиялық сараптамалық рұқсат алады. Жалпы осылайша бір терезе механизмі іске асады», – деді Қуаныш Балтабаев.

ҰКП тарапынан ұсынылған сызбаны ҚР Энергетика министрлігі мен бизнес өкілдері қолдап отыр. «Бұл сызба жақсы, алайда экологиялық сараптаманы алуда тағы 7-8 уәкілетті органды қоссақ, рұқсат алу үдерісін қиындатып жіберуіміз мүмкін», – деді «Мемсараптама» РМК экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама бөлімінің бастығы Медет Құмарғалиев. 

құрылыс нысандарының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуде «Бір терезе» порталы іске асса, кәсіпкер барлық органдар табалдырығын тоздырмай уақытын үнемдейтіні сөзсіз, ендігі кезекте тиісті заңнамаларға өзгертулер еңгізу қажеттігі бар.

«Бұл жүйе іске асса, бизнес жаңа құрылыс нысандарын жобалау, құрылыс және пайдалануға беруде нақты әрі түсінікті сызбамен жұмыс істейді, сонымен қатар жоба қолданыстағы заңнамаға әрі мемлекеттік саясат талаптарына сай келетіні туралы мемлекеттік органдардан кепілдеме алады», – деп атап өтті   ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер