«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2017 жылы сұранысы жоғары мамандықтар топтамасы

2017 жылғы 12 Мамыр
9056 просмотров

Әлем цифрлық көрсеткішке көп мән бере бастағанда математика басты назарда, ал статистика саласындағы мамандықтар 2017 жылы сұранысы жоғары мамандықтар тізімінің көш басында тұр. CareerCast сайты 2017 жылдың үздік мамандықтарының рейтингін жариялады. Бұл рейтингтің бағалау белгілері табыс, мансап, күйзеліс пен сыртқы фактор өлшемдерін негізге алған. Зерттеушілер жылдың орташа табысын, 2024 жылға өсу әлеуетін, сондай-ақ, жұмыс орнындағы күйзелісті есепке алған. Қойылған баға неғұрлым төмен болса, қорытынды рейтингте соғұрлым жоғары белгіленген.

Ең негізгі факторлардың бірі жағын аралықтағы жеті жылда жұмыспен қамту 34%-ға өседі деп болжанған. Жұмысқа қабылдау өте жоғары болатындығы түрлі саладағы статистикалық мәліметтердегі сұраныстың артуына негізделген.

Статистика саласында мамандардың машықтық жинағы үлкен көлемдегі мәліметтерді бөлуге және талдауда қолдануға болады. Бұл машықтарға деген сұраныс көптеген салаларды қамтиды, оның ішінде маркетинг, банк ісі, үкімет, спорт, бөлшек сауда, тіпті денсаулық сақтау саласы бар.

Жалпы 2017 жылғы сұраныстағы 10 үздік мамандықтың төртеуінде математиканы жақсы білу керек. Операцияларды зерттеу маманы 3- орында, ал математик 7-орынды алады. Операцияның зерттеу мамандары барлық салада дерлік қажетті: өндірістен қаржыға дейін, сондай-ақ, барлық мемлекеттік мекемелерде жұмыс істей алады. Бұл саланың мамандары кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуі үшін мәліметтердің интеллектуалды талдауын, статистикалық сараптама мен математикалық модельдеуді жүргізеді. Математиктер экономика, ғылым, техника мен өзге де салалардағы тапсырмаларды шешу үшін математикалық теорияны, алгоритмдер мен компьютерлерді қолданады.

Денсаулық сақтау және компьютерлік индустрия саласындағы жұмыс орындары да 2017 жылдың үздік мамандықтары тізімінде бар. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша маман 2017 жылғы рейтингте 4-орында тұр. Ал инженер-бағдарламашы мамандығы да үздіктер қатарына ілініп, 8-орында көрсетілген. Бұл саладағы жылдық орташа табыс 100 690 АҚШ доллары, ал өсу әлеуеті – 17%.

Компьютерлік жүйе мен мекеме желісін дендеп ену мен кибер шабуылдан қорғау шараларын жоспарлайтын ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары инженер-бағдарламашылар секілді сұранысқа ие және бағдарламамен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Соңғы жылдары ақпараттық қауіпсіздік бойынша біліктілігі жоғары талдаушылардың маңыздылығы артып келеді

Танымал адамдардың суреті көпке тарап кетуі, ірі компанияларда регламенттің бұзылуы және 2016 жылғы президенттік кампанияға қатысты талас-тартыстың ұзаққа созылуы, бұлтты мәліметтерді қорғау – мұның барлығы да біздің қазіргі өміріміздегі маңызды мәселелердің бірі.

Көп жылдар бойы IT саласындағы мансап сұранысқа ие әрі ақысы жоғары төленетін және америкалық экономика іргетасының бірі болып келді. Сондай-ақ келешегі зор бағыттың біріденсаулық сақтау саласы.

Денсаулық сақтау саласының 3 маманы 2017 жылдың үздік мамандықтарының тізіміне енгізілді: медициналық қызмет көрсету менеджері 2-орында, терапевт – 9-орын, логопед – 10-орын.

Егер сіздің мамандығыңыз өскелең ұрпақты оқытумен байланысты болса, университет оқытушысы мамандығы да 2017 жылы сұранысы жоғары мамандықтар тізіміне енген.

10. Логопед

Жылдық орташа табысы: 73 410 АҚШ доллары.

2024 жылға дейін өсу болжамы: 21%

Рейтинг: 131

9. Терапевт

Жылдық орташа табысы: 80 150 АҚШ доллары

2024 жылға дейін өсу болжамы: 27%

Рейтинг: 130

8. Инженер-бағдарламашы

Жылдық орташа табысы: 100 690 АҚШ доллары

2024 жылға дейін өсу болжамы: 17%

Рейтинг: 129

7. Математик

Жылдық орташа табысы: 111 100 АҚШ доллары

2024 жылға дейін өсу болжамы: 21%

Рейтинг: 128

6. Университет профессоры

Жылдық орташа табысы: 72 470 АҚШ доллары

2024 жылға дейін өсу болжамы: 13%

Рейтинг: 110

5. Мәліметтер талдауымен айналысатын ғалым

Жылдық орташа табысы: 111 267 АҚШ доллары

2024 жылға дейін өсу болжамы: 16%

Рейтинг: 105

4. Ақпараттық қауіпсіздік талдамашысы

Жылдық орташа табысы: 90 120 АҚШ доллары

2024 жылға дейін өсу болжамы: 18%

Рейтинг: 104

3. Операцияларды зерттеу маманы

Жылдық орташа табысы: 78 630 АҚШ доллары

2024 жылға дейін өсу болжамы: 30%

Рейтинг: 102

2. Медициналық қызмет көрсету менеджері

Жылдық орташа табысы: 94 500 АҚШ доллары

2024 жылға дейін өсу болжамы: 17%

Рейтинг: 101

1. Санақ маманы

Жылдық орташа табысы: 80 110 АҚШ доллары

2024 жылға дейін өсу болжамы: 34%

Рейтинг: 93


Еншілес ұйымдар

Серіктестер