«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына банктер несие береді

2017 жылғы 12 Мамыр
- Қарағанды облысы
7945 просмотров

Қарағанды облысындағы «Халық банк» пен «Казком» банктерінің филиалдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын қаржыландыруға дайын

Қарағандыда бизнеске тартылмаған көптеген жылжымайтын мүлік нысандары бар. Осындай ғимараттардың басты мәселесі – сыртқы келбетінде, оалрыдң қасбеттері мен іші бүлініп, қала көркін бұзып тұр. Халық банк пен Казком банк қызметкерлері кәсіпкерлерді осындай насындарды қарастыруға шақырды, өйткені, банктер бейінді емес активтерді іске асыруға құлықты.

Қарағанды облысы «Халық банк» АҚ филиалының директоры Гүлнар Ратаева қала бойынша бизнеске қолайлы болатын ғимараттар тізбесін ұсынды. Олардың бәріне жақсы қожайын қажет.

«Қолданусыз, бос тұрған ғимараттарды жандандыру, бизнес ашу – қосымша жұмыс орындарын құрып, шағын және орта бизнестен салық түсімдерін ұлғайтады, бос тұрған коммерциялық нысандар санын азайтады. Демек, осылай қала көркін жақсартуға мүмкіндік болады», – деді банк филиалы директоры.

Гүлнар Ратаеваның айтуынша банк өндірістік және коммерциялық бағытқа арналған нысандарды жөнге келтіру бойынша арнайы бағдарламаны да әзірлеген. Осы бағдарлама арқылы банк өндіріс, сауда нысандары, қоғамдық тамақтану салаларына жаңа дем беріп, кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие береді. Белгілі бір жылжымайтын мүлікке қызыққан инвестор оны 5-12%-бен 10 жылға дейін несие ала алады. Ол үшін кәсіпкерлерден қосымша ешқандай кепілдік талап етілмейді, тіпті несие ұйымдастырылғаны үшін комиссия да алынбайды.

 «Көбіне кәсіпкерлер әкімдіктен жер учаскесін сұрайды, ал ондай аймақтар әдетте ешқандай коммуникациялық желілерге қосылмаған болады. Су, жылу, электр желілерін орнату, рұқсат қағаздарды рәсімдеу үшін қосымша шығын.  Ал біз сіздерге дайын нысандарды ұсынып отырмыз. Олардың бәрінде инфрақұрылым бар. МЖӘ жобаларын алу үшін жеңілдетілген несие алу бизнесті ашуға жақсы мүмкіндік», – деді Гүлнар Ратаева.

Жылжымайтын мүлік түрлерін көрсете отырып, банк қызметкері осындай орынжайларда қолдануға болатын бизнес идеяларды да ұсынды. Банк химиялық тазалау, тренажер залдары, оқу орталықтары, тігін шеберханалары, шағын қонақ үйлер, өндіріс цехтары сынды жобаларды қаржыландыруға дайын.

Айта кетелік, «Атамекен» ҰКП «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» ҚР Заңы тұжырымдамасына сараптамалық қорытындыны жасап жатыр. Сонымен қатар Палата жекеменшік әріптестер реестрін қалыптастырып, жекеменшік әріптесті анықтайтын комиссия құрамына мүше болып, МЖӘ жобаларын жүзеге асыру мониторингіне қатысады.   

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әріптестерді табу, бизнес үшін презентацияларды әзірлеу, сондай-ақ, МЖӘ жобаларына қатысам деушілерге семинарлар өткізеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер