«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атыраудағы газ мамандары өз қателіктері үшін кәсіпкерді төлеуге міндеттеген

2017 жылғы 11 Мамыр
- Атырау облысы
6963 просмотров

«Эталон Термопласт» ЖШС Атырау облысы кәсіпкерлер палатасына «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атыраудағы өндірістік филиалының атына шағымданған арыз түсірді

«Қуаты бойынша бір айды ғана есептеп, газ мамандары кәсіпкерге 521 мың теңге сомасында шот берген. Есептейтін құрал орнатылмаса, бұл газ мамандарының өздерінің кінәсі», ­– дейді кәсіпкер.

Компания басшысы Асқар Саппаевтың айтуынша, 2012 жылы тапсырыс бойынша «Экситон Сервис Групп» ЖШС қазандыққа газ тарту жобасын дайындады. Сол жылдың 19 желтоқсанында «ҚазТрансГазАймақ» өндірістік филиалының қызметкері «Эталон Термопласт» компаниясы қызметкерінің көзінге есептеуіш түйінге кешенді тексеру жүргізілгені, ары қарай жұмыс істеуге жарамдылығы туралы акт жасаған. Сол уақыттан бастап газбен қамтамасыз етіп отырған мекеме газ есептеуіш құралының көрсеткішін алу үшін ай сайын тексеру жүргізген. Оның үстіне, «ҚазТрансГазАймақ» хабарламасы бойынша жыл сайын монометр тексеруден өткізіліп тұрған.

«2017 жылдың 23 ақпанында «ҚазТрансГазАймақ» монометрді тексеру мерзімі өтіп кетті деп акт толтырды. Біз бірден демонтаж бен манометр монтажының ақысын төледік. 24 ақпан күні демонтаж жасалып, 4 күннен кейін манометрді тексеру туралы паспорт алдық. Ал 2 наурызда «ҚазТрансГазАймақ» мамандары манометр монтажын жүргізді, оған атқарылған жұмыс актісі дәлел бола алады. Келесі күні, газ есептейтін құралды пломбалау қызметінің ақысын төледік. Алайда, 10 наурыз күні газбен қамтамасыз ету мекемесінің өкілдері газ есептеуіштің өткізетін мүмкіндігі қосылған жабдыққа сәйкес еместігін анықтады. Одан кейін олар газ есептегішті немесе қазандық шілтерін ауыстыру кетектігін айтып, есептеуіш құралына пломба салмады. Қазандық шілтерін ауыстырып, ескертулерін орындадық», – деп түсіндірді кәсіпкер.

Актіге сәйкес есептеуіш құралға 31 наурыз күні пломба қойылды. Сондықтан кәсіпкерге бір айлық есеп жабдық қуаттылығына қарай есептелген. Алайда, кәсіпкер төлем сомасын көріп, таң қалған, себебі оның есептеуі бойынша 10 есе аз төлеуі керек болған.  

«Мен мұндай есептеумен мүлдем келіспеймін, себебі мұнда біздің кінәміз жоқ, біз төлеуге мәжбүр болды, себебі орындамаған жағдайда, олар газды өшіріп тастайды, жұмыс мүлдем тоқтап қалар еді. «ҚазТрансГазАймақ» өкілдері 2012 жылдың нысанды ешқандай кемшіліксіз қабылдап алды, осы жылдар бойы олардың ешқайсы қателікті байқамады. Біз барлық төлемді уақытылы аударып отырдық. Сондықтан Атырау облысы кәсіпкерлер палатасынан бұл жағдайдың мән-жайын анықтауды сұрадық», – деп атап өтті Асқар Саппаев.

Кәсіпкердің жүгінгенін негізге ала отыры, Палата заңгерлері «ҚазТрансГазАймақ» өндірістік филиалының жанынан құрылған дау-жанжал комиссиясымен кездесу ұйымдастырды. Палата мамандары газбен қамтамасыз ететін ұйымның дұрыс есептемегенін дәлелдеп, 521 мың теңгені 200 мың теңгеге дейін азайтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер