Жеке меншік балабақшаның дамуына не кедергі?
Мектепке дейінгі білім берудің жекеменшік орталықтарына санитарлық нормалар бойынша жеңілдіктер жасалған
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі ата-аналар үшін маңызды мәселе. Баланың мектепке дайындығы, бала бақшадағы қауіпсіздігі қоғамды алаңдатады. Әсіресе, бизнеске негізделген жекеменшік балабақшалардағы ахуал қалай? Осы тақырып «Атамекен» алаңында ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі комитет отырыснда талқыланды.
Бала тәрбиесіне қатысты шараға ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Меруерт Қазбекова, Наталья Жұмаділдаева, Павел Казанцев, Тарас Хитуов, «Атамекен» ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту департаментінің директоры–Басқарушы директор Дінмұхамед Әбсаттаров, «Нарық мониторингі және сараптау орталығы» ЖШС директорының орынбасары Айымгүл Әбілова, ҚР Ұлттық Экономика министрлігі тұтынушылар құқығын қорғау комитеті басқармасының басшысы Марал Рахымжанова, Мектепке дейiнгi ұйымдар қауымдастығы президенті Ләйля Күленова, сонмыен қатар онлайн байланыс арқылы Алматы кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты.
Мектепке дейінгі мемлекеттік білім берудің тапшылығы республика бойынша сезіледі. Осы қажеттілікті жою үшін Үкімет тарапы жекеменшік балабақшаларға, атап айтқанда қамту мүмкіндігі 70 баладан аспайтын шағын мекемелерге қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, 1 балаға кететін шығынның жартысын дотация арқылы мемлекет төлейді. Бұл мемлекеттік балабақшаға кезегі келмеген ата-аналарға жасалған жақсы мүмкіндік. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаға жолдамалар беріліп, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы балабақшалар ашылды.
Дегенмен, жекеменшік балабақшадағы санитарлық нормалар, бөлмелердің ауданы, бөлмелердің саны белгілі талап қойылады. Жекеменшік балабақшалар иелерінің айтуынша мемлекеттік органдар мен тексеруші-бақылаушы мекемелер тарапынан жүргізілетін тексерулер мен әкімшілік кедергілер тым көп. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін «Атамекен» ҰКП алаңында органдар өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен өткен шарада мектепке дейiнгi ұйымдар қауымдастығы президенті Ләйля Күленова баяндама жасады. Оның айтуынша заңнамалы кедергілер салдарынан жекеменшік балабақшалар жабылуы мүмкін. Сонымен қатар шара барысында еш бақыланбайтын, құрамында 5-6 бала бар, ешқандай салық төлемейтін көлеңкелі балабақшалар ірі қалалардың әр тұрғын үйінде ашылып, жұмыс істейді.
Бүгінгі шарада құрамында 70 баладан төмен кішігірім балабақшалардағы санитарлық нормаларға еңгізілген өзгертулер талқыланды. Бүгінде мектеп жасына дейінгі балаларды мемлекеттік бала бақшалармен қамтамасыз ете алмағандықтан кішігірім бала бақшалардың болуы қажет. Осындай жеке меншік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде санитарлық нормаларға біраз жеңілдік жасалған.
«Мәселен, мемлекеттік бала бақша ауласында 1 балаға 6 шаршы метр бөлінсе, жекеменшік шағын балабақшада – 4 шаршы метр қарастырылған. Тұрғын үйдің 1,2-қабатында орналасқан балабақша үшін сол тұрғын үйдің қоқыс жәшігін пайдалануға рұқсат етіледі, яғни балабақшаға арнап бөлек қоқыс жәшіктері орналастырылмайды. Сол сияқты шағын балабақшада медициналық маманның болуы міндеттелмейді, тек қана баланы қарайтын бөлме қарастырылады. Жалпы мұндай балабақшалар, өздеріне ең жақын орналасқан балалар емханасымен келісім жасайды», – деді Ләйля Күленова.
Маманның айтуынша шағына балабақшада 25-30 балаға 1 жуыну бөлмесі (оның ішінде дәретхана). Бос орынды барынша максималды қолдану үшін үш қатарлы жайылма төсектерді пайдалану құпталады. Бұл төсектер жиналмалы келеді, сонымен қатар үстіндегі төсектен құлау қаупі жоқ.
«Біріншіден мемлекеттен көмек алып отырған балабақшалар иелері – ол кәсіпкерлер. Балабақша бұл – бизнес. Көлеңкелі балабақшалармен күресу, жою жұмыстарына кіріспеген жөн. Бұл үдеріс толығымен ата-аналардың жауапкершілігінде. Баласының болашағына, қауіпсіздігіне, біліміне немқұрайды қараған ата-аналар ойлану керек», – деп атап өтті Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова.
Сонымен қатар Ләйля Күленова ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттарына коттедж, үйлерде орналасқан балабақшалардың жер учаскесін мақсатты пайдалануға қатысты заңнамаға өзгеріс енгізуді сұрады. Өйткені жеке меншік үйдің 10 соттық жердің мақсатты пайдалануын өзгерту үшін 11 млн теңге қажет. Ал балабақша бизнесінің пайдасы үлкен емес. Балабақшаларға қатысты бұл мәселе өзгертілмесе, шағын балабақшалар секторы дамымайды.
Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева шараға жиналған қауымға ескерту жасады: «Бүгін балабақшалардағы балалардың асыралуы, күтілуі, қауіпсіздігі мәселелері кеңінен талқыланды. Өзім 30 жылдық тәжірибесі бар педагог ретінде айтпағым – балалардың тәрбиесі. Мемлекет алдымен «Балапан» бағдарламасы, кейін «Қол жетімді мектепке дейін білім беру» бағдарламасын қолға алды, не үшін, балапандардың мектепке жақсыв дайындықта баруы үшін. Бағдарлама бойынша өазынадан милиардтап ақша бөлінеді. Ал көп балабақшалар тек қаржы жағын көп ойлап, баладарды асырау, тамағын уақытнда беру, жалға алу, дотация төңірегін шешумен шектеледі. Ал балалардың тәрбиесі жайына қалып отыр. Сондықтан көрпеге қарай көсілу керек. Қолынан келсе мемлекет бөлген көмекке сай кел».
Шара барысында мектепке дейiнгi ұйымдар қауымдастығының осы жылға жұмыс жоспары талқылауға салынып, бекітілді.
Отырыстың екінші бөлімінде «Үкімет бизнес үшін» атты жобаны іске асыру аясында шағын және орта бизнеске арналған бірыңғай цифрлық платформа бойынша «Нарық мониторингі және сараптау орталығы» ЖШС директорының орынбасары Айымгүл Әбілова баяндама жасады.
Баяндамада кәсіпкерлерге арналған цифрлық платформаның мүмкіндіктері мен қызмет көрсету ауқымы баяндалды. Аталмыш платформаны пайдалану бойынша белсенді өңірлер, жиі қойылатын сұрақтар легі аталды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: