Ауыл шаруашылығы кооперативтері бизнестің өнімділігі мен бәсекелік қабілетін арттырады – Тимур Құлыбаев
Ұсақ тауарлы өндіріс ірі компанияларға есе жібереді
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы облысына жасаған іс-сапар барысында өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысты.
Ағымдағы жылы облыста қант қызылшасын, суармалы жерлерді дамытуға, кооперация мен сервистік-дайындау цехын құру шаралары қабылданып жатыр.
«Кәсіпкерлер кооперацияға өздерінің үлестік жерлерімен қатыспауы емес, өндірістік кооперациялар құру қажет. Өңірлерде мемлекеттік қолдаудың оң мысалдарын көрдім. «Атамекен» өз кезегінде ауыл тұрғындарына осы қолдаудың қандай екенін көрсетуі керек. Қазіргі жағдайда ұсақ тауарлы өндіріс ірі компанияларға есе жіберіп отыр. Кәсіпкерлерге түсіндіретін әрі дамытатын бірден-бір жол – өндірістік кооперативтер. Бірлесу бизнестің өнімділігі мен бәсекелік қабілетін арттырады», – деді Тимур Құлыбаев.
Алматы облысында Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 22 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, тіркеуден өткізілген, оның ішінде 19 кооператив өсімдік шаруашылығына бағытталса, 3 кооператив мал шаруашылығымен айналысады. Жалпы 105 ұсақ тауарлы шаруашылық шоғырландырылды.
Төралқа Төрағасы агроөнеркәсіп кешенінің жобаларын Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасына енгізу қажет деп атап өтті.
«Ұсынылатын жобалар жай ғана бизнес идея болмауы керек. Бастамашылар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін назарға алу керек. Өңірлік картада нысанның қайда қойылатынын, қандай инфрақұрылым болатынын, қаржыландыру және инвесторларды тарту қалай екенін, жергілікті билік қандай қолдау көрсететінін көруіміз керек», – деп түсіндірді Тимур Құлыбаев.
Төралқа Төрағасы жергілікті атқарушы органдар мен бизнес-қоғамдастық назарын қайта өңдеу кәсіпорындарын дамытуға аудартты. Облыста алғаш рет іске қосылатын жаңа жоба – «Береке» индустриалдық аймағында қой етін қайта өңдейтін кешенді мысалға келтірді.
Алматы облысында 2017 жылы агроөнеркәсіп кешені саласын қаржыландыру 45,6 млрд теңгеге дейін өсті, ал инвестиция көлемі 46 млрд теңгеден астам.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: