«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЕЭК министрі Н. Алдабергенов Қазақстанның бизнес өкілдерімен кездесті

2014 жылғы 22 Наурыз
3754 просмотров

Алматыда Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі Нұрлан Алдабергенов комиссияның монополияға қарсы реттеу саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын түсіндіру мақсатында «Қазақстанның тәуелсіз автобизнес кеңесі», «TSP» ЖШС, «Arsenal SP» ЖШС , «Leto» қоғамдық ұйымының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

ЕЭК баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде «параллельді импорт» және тәуелсіз мердігерлер арасында туындайтын проблемаларды шешу жолдары талқыланды. «Параллельді импортты» алып тастау нәтижесінде автобөлшек құнын 60-80%-ға, спорттық тауарлар бағасын 30-45%-ға, парфюмер өнімдерді 20-60%, фотоаппараттар құнын 20%, велосипедтердің бағасын 40 %-ға дейін түсіруге болады.Тұтынушыларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында «параллельді импортты» алып тастау мәселесі Ресей Федерациясында да талқылануда.

2014 жылдың он екінші наурызында Ресейдің Федералдық монополияға қарсы алқа отырысында аталмыш тәртіп тек қана шетелдік өндірушілер мен экономиканың кейбір салаларында қолданылатын болады. Әзірше дәліз 2018 жылға дейін орнатылды.

Өз кезегінде ЕЭК 2014 жылы «параллельді импортты» жоюдың нәтижесі бойынша Беларусь, Қазақстан, Ресейде тексеру жүргізу жоспарланып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер