«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Ұлттық банк бастамашылдық ұстанымға ие болу керек

2017 жылғы 03 Мамыр
- Жамбыл облысы
5654 просмотров

Ресей Орталық банкінің мөлшерлемесі – 9,25%, демек ҚР Ұлттық банкі бұл көрсеткішті тағы да төмендетуі керек

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Жамбыл облысының кәсіпкерлерімен кездесуінде ҚР Ұлттық банкі Ресей Орталық банкінің мөлшерлемесінен төмен мөлшерлеме қоюы керек екенін айтты.

Ұлттық палата басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі жүргізіп отырған қаржылық-несие саясаты жалпы экономикалық талаптардың тұрақтылығына әсер етеді. Қазақстан Ұлттық банкі Ресей Федерациясымен бір экономикалық кеңістікте болғандықтан, мөлшерлемені өзгертуде Ресейдің Орталық банкіне қарауға мәжбүр.  

Біз өзіміздің Орталық банкті аздап белсенді, тіпті бастамашыл болуға шағырамыз, – деп атап өтті Тимур Құлыбаев. – Егер Бүгінде Ресейдің Орталық банкі 9,25% мөлшерлемесін қойса, біздің кәсіпкерлеріміз қандайда бір басымдыққа ие болуы үшін біз одан да төмен бреуіміз керек».

Ресей Банк директорларының кеңесі 2017 жылдың 28 сәуірінде жылдық негізгі мөлшерлемені 9,25%-ға дейін төмендедуге шешім қабылдады.

Тимур Құлыбаев облыс кәсіпкерлерімен кездесу барысында өңір бизнесін қолдаудың мәселелері мен басым бағыттары талқыланды. Көп ретте, өңірдегі бизнеске қойылған негізгі кедергілер айтылды: қаржылық ресурсқа қол жеткізу, өнімді өткізу мәселесі, инфрақұрылымның жасалмауы мен білікті мамандардың тапшылығы.

2016 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП мен Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесе отырып құрылған «Атамекен Тараз» Микроқаржылық ұйымы» ЖШС бүгінде 265 млн теңге көлемінде 34 несие берді. Қазіргі таңда микроқаржылық ұйымында 925 млн теңгенің 109 өтініші қаралу үстінде. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауылдағы шағын бизнес пен стартап жобаларына қаржылай қаражат үшін Микроқаржыландыру ұйымының қорын 700 млн теңге көбейту және келер жылдарға қаржыландыру үшін қосымша 1 млрд теңге сомасын салып  қою ұсынылып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер