Кәсіпкерлер үкіметпен үздіксіз және тұрақты диалогқа дайын болуы қажет
Кәсіпкерлер үкіметпен үздіксіз және тұрақты диалогқа дайын болуы қажет. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында «ҚазҚа» Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы Басқарма кеңесінің төрағасы Жұмабек Жанықұлов айтты.
«Біз Кеден одағы нарығының айтарлықтай үлкен екенін түсінеміз, алайда кәсіпкерлер дайындалмаса бір ғана нарық жеткіліксіз болады. Біз кәсіпкерлеріміздің КО нарығына дайындықпен шыққанын қалаймыз. Жақын арада біз ДСҰ-ға мүше болып енеміз, ал онда қатаң шарттар қойылады, сол себепті біздің кәсіпкерлер дайын болуы қажет. Бірінші кезекте кәсіби деңгейді арттыру керек. Сондай-ақ кәсіпкерлеріміз үкіметпен үздіксіз және тұрақты диалогта болуы шарт. Біз кәсіпкерлердің мемлекет дайындап жатқан бағдарламалар туралы хабардар болуына үлкен көңіл бөлудеміз. Оның үстіне жаһандық интеграция аясында қазақстандық кәсіпкерлердің бизнесті дамытуға бәсекеге қабілетті артықшылықтары көп болмақ», - деді ол.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: