Игор Шацкий: «Отандық тауардың жобалық-сметалық құжаттарға енгізілуі оның қолданатындығына кепілдік бермейді»
2016 жылы әлеуетті жеткізушілердің бастамасымен 8000 техникалық сипаттаманың 3800-ден астамы өзгертілген
«Атамекен»ҰКП Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының кеңейтілген жиналысында отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік сатып алулардағы мәселелерін атап өтті.
«Бүгінде отандық тауар өндірушелер мемлекеттік сатып алуларға қатысуда бірқатар қиындықтарға тап болып отыр. Ең бастысы – тапсырыс берушінің байқау құжаттарын, яғни техникалық сипаттаманы белгілі бір жеткізушілерге икемдеп жасауы. Бұл мәселе көп жылдан бері орын алып отыр, қабылданған шараларға қарамастан жойылмай отыр», – деп мәселені төтесінен қойды Игорь Шацский.
Өңірлік палата басшысының айтуынша, ең бірінші құрал – сатып алынатын тауарлар мен атқарылатын жұмыс пен қызметтің байқау құжаты алдын ала талқылануы. 2016 жылы әлеуетті жеткізушілердің бастамасымен 8000 техникалық сипаттаманың 3800-ден астамы өзгертілген, шамамен тең жартысынан бұзушылық табылған. Алдын ала талқылаудың әсері бар, дегенмен мәселені толық шешпейді.
«Біз сатып алулар материалдары тек қатысушыларға ғана емес, көпшілік нарзарына ашық болу керек дейміз. Сонымен қатар жобалық-сметалық құжаттарды отандық тауар өнімдерді қолдануда да түйткілді мәселелер бар. Көптеген тауарлар жобалық-сметалық құжаттардың ішінде жасырылып қалған. Олардың сатып алуларын жобалаушылар мен еншілес ұйымдардың қарауына ұсынылған. Көптеген жобаларда сапасы жақсы және бағасы арзан отандық өнім бол тұра, шетелдік өндірушілердің жабдығы көрсетіледі», – деді Игорь Шацкий.
Өңірлік палата басшысының айтуынша, құрылыс саласындағы жобалық-сметалық құжаттарда да отандық өнімдер енгізілмейді, құжатта көрсетілмегендіктен, сұранысқа да ие болмайды.
«Отандық тауардың жобалық-сметалық құжаттарға енгізілуі оның қолданатындығына кепілдік бермейді. Сондықтан пост-тендерлік бақылаудың маңызы зор. Бүгінде бұл жұмыс Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен аймақтардағы әкімдіктер атқарып келеді», – деді Игорь Шацкий.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: