«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әзірбайжан Ақтөбе облысының кәсіпкерлерімен серіктестікке ниетті

2017 жылғы 29 Сәуір
6460 просмотров

Әзірбайжан бизнес-инвестияциялар қауымдастығының вице-президенті, ҚР-дағы Әзірбайжан кәсіпкерлері одағының төрағасы Гюндуз Маммадли экономикалық және сауда байланысын орнатудың шынайы ммүкіндіктері жайлы айтты

Әзірбайжан бизнес-инвестияциялар қауымдастығының вице-президенті Ақтөбе облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасы, индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен инвестицияға қызмет көрсету орталығының  өкілдерімен биресми түрде кездесті. Гюндуз Маммадли атап өткендей, бұл кездесу танысу әрі Ақтөбе өңірінің іскерлік әлеуетін білу, өзінің мүмкіндігі жайлы айту мақсатында ұйымастырылған. Сонымен қатар азық-түлік экспорты, сауда және туризм салалрында өзара тиімді іскерлік байланыс орнатуды да көздеген.

«Әзірбайжан Республикасы ТМД елдері арасында ең қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ететін көшбасшы мемлекет. Бұл Әзірбайжан экономикасындағы маңызды фактор. Көмірсутекті шикізатты өндіру республиканың экспорттық әлеуетін дамытуға ықпал етеді», – деп түсіндірді Әзірбайжан бизнес-қоғамдастығының өкілі.

Кездесу барысында углеводородного әзірбайжандық кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы мен жылыжай кешендері, фабрикалар мен зауыттар туралы таныстырды.

«Көптеген компаниялар сіздердің өңірлеріңізге жеткізуші болуға дайын. Сонымен қатар, ақтөбелік компаниялар да сатып алуларына немесе өз өнімдерін, яғни толықтыратын, құрамдас, шикізат ұсынуларына болады», ­– деп атап өтті  ҚР-дағы Әзірбайжан кәсіпкерлері одағының төрағасы.

Ал Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері қонақтар назарына Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасын ұсынды. Оған облыстағы инвестиция құюды қажет етіп отырған 10 жоба енген.

Сонымен қатар, шетелдік қонақтарға Ақтөбе облысындағы компаниялар туралы ақпарат берілді, яғни компаниялардың қызметі, байланыс нөмерлері, шығарылатын өнімдері жайлы толық мағлұмат ұсынылды. Гюндуз Маммадли шетелдік инвесторларды ынталандыруға арналған стратегия – инвестициялық салық артықшылықтары, гранттар мен өзге де мемлекеттік қолдау қызықтырды.

Әзірбайжан тарапын бидай, ет, мұнай жабдықтары, құрылыс индустриясы, логистика және туризм, сонымен қатар басқа да бағыттар қызықтырды.

Ақтөбе кәсіпорындарының әлеуетін толық таныту үшін Кәсіпкерлер палатасы Гюндуз Маммадлиге Ақтөбе мұнай жабдығы зауытын және де металл өңдеу өнімдерін шығаратын «Каспий Плюс» ЖШС-мен таныстырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер