«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: «Сапалы заңдар еліміздің тұрақты дамуына жол ашады

2017 жылғы 28 Сәуір
5262 просмотров

Сапалы жазылған заңдар еліміздің тұрақты дамуына жол ашады, бұл мәселе кәсіпкерлер үшін маңызды

«Елбасы тапсырмасымен Салық кодексіне өзгертулер енгізу жайы талқыланып жатыр. ҚР Премьер-Министрі ҚР Ұлттық экономика мен Қаржы министрліктеріне бұл мәселені «Атамекенмен» бірлесіп шешуді тапсырды. Талқылауға депутаттардың белсенді қатысқанын қалаймыз. Егер депутаттар тарапынан заңнама тұрғысында қандай да бір ұсыныстар, ескертпелер мен толықтырулар айтылса, оларды бірден ескеруіміз керек. Осылайша, заңдарды қарастыру кезеңінен-ақ олардың сапасы артады. Ал сапалы жазылған заңдар еліміздің тұрақты дамуына жол ашады, бұл мәселе кәсіпкерлер үшін маңызды», – деп, ойын білдірді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.

«Атамекен» басшысы инвестициялық үдерісті де сөз етті. Бұл салада да заңнаманың маңызы айтылды. «Салық», «Экологиялық», «Кеден» кодекстері қалай жұмыс істейтінін түсінбей, инвестициялық үдерісті де болжау қиын», – деді Төралқа Төрағасы. 

Сонымен қатар, Тимур Құлыбаев ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне соңғы үш жылда – 500 өзгерту, ҚР Салық кодексіне соңғы 9 жылда – 2500 өзгерту, Экологиялық кодексіне 500 өзгерту енгізілгенін айтты.

 «Міне, осындай заңдық тұрақсыздықта ұзақ мерзімді инвестицияларды жоспарлау мүмкін емес екені айтпаса да түсінікті. Кез келген инвестиция келешекке бағдар жасаудан басталады: ертең қандай экономикалық ахуал болатыны маңызды. Сондықтан, бұл бағытта үкіметтің жақсы экономикалық бағдары керек. Үкіметтік бағдар бізге бюджеттік, тарифтік, салықтық саясаттың ұзақмерзімді көрінісін анықтау үшін керек. Осы ретте Ұлттық банк бізге несиелік-қаржылық саясаты бойынша бағдарын беруі шарт», – деді «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер