«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Юлия Якупбаева ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі болды

2017 жылғы 27 Сәуір
- Астана қаласы
6898 просмотров

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесі құрылды. Кеңес құрамында министрлік пен коммерциялық емес ұйымдар өкілдері бар.

Қоғамдық кеңесті құру Жұмыс тобы мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Юлия Якупбаева Кеңеске мүшелікке таңдалды. Кеңес құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және Қоғамдық денсаулық сақтау мен медициналық көмекті ұйымдастыру департаменттері директорлары, қауымдастықтар, қоғамдық бірлестіктер мен қорлар президенттері бар.

Қоғамдық кеңес мүшелері министрліктің бюджетдік бағдарламалары жобаларын, министрліктің стратегиялық жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік жобаларды, денсаулық сақтау саласында азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен жауапкершіліктеріне қатысты нормативті-құқықтық актілері жобаларын талқыға салып, Қазақстан Республикасының заңнамаларын жетілдіру бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлемелерін, сонымен қатар мемлекеттік басқаруді жетілдіру, қызметтік этика нормаларын ескере отырып, мемлекеттік аппараттың жұмысының ашықтығын ұйымдастыру бойынша жеке және заңдық тұлғалардың өтінімдерін қарастыратын болады.

Минситрліктің Қоғамдық кеңесіне Юлия Якупбаеваның мүшелігі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында мәселелері бойынша стратегиялық шешімдерді қабылдау кезінде кәсіпкерлердің позициясының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

 Анықтама үшін:

Юлия Константиновна Якупбаева 1977 жылы Алматы қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген (Алматы, Қазақстан. 1998 ж.). 19 жылдан астам уақыта бойы Қазақстанның қаржы саласында еңбек еткен. Еңбек жолын ҚР Ұлттық банкі Қаржылық бақылау департаментінде жетекші маман ретінде (1998-2002) бастаған. Одан кейін қаржы мәселелерінің сарапшысы, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Құнды қағаздар нарығы жөніндегі және зейнетақы секторы департаментінің директоры (2002-2007), Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының Басқарушы директоры (2007-2011), Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Кеңесі Басқарма төрағасының орынбасары (2011-2012), «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП басқарма мүшесі–Басқарушы директор, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасының кеңесшісі (2013-2014) қызметтерін атқарып, қаржы секторы, салық салу, тариф бекіту және бәсекелестік мәселелеріне жетекшілік етті (2012-2013).

Қазіргі кезде – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары (11.2014)

Сонымен қатар, бірқатар компаниялардың, атап айтқанда «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ директорлар Кеңесінде тәуелсіз мүше-директор лауазымын иеленді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Басқарма мүшесі (12.2016), БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің мүшесі (02.2017) болды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойлық медалімен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының «Еңбек сіңірген қаржыгер» қоғамдық орденімен,  «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП «Ісіне адалдығы үшін» ІІ дәрежелі медалімен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен (12.2016) марапатталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер