«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Аспаз өнерінің қыр-сыры үйретілді

2017 жылғы 24 Сәуір
- Ақмола облысы
7240 просмотров

Көкшетеу мектептеріне арналған шеберлік сабақтарын Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды

Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты Аналар кеңесі мүшелері атынан ӨКП шеберлік сабақтарын Көкшетаудың 4 мектебіне арнап өткізді.

Шара құрылыс-техникалық колледж базасында өткізілді, аталмыш оқу орны дуальді білім беру үдерісінің белсенді қатысушысы. Шараның мақсаты түлектерге болашақ мамандықты дұрыс таңдауға ықпал жасау,  болашақ маманның келбетін қалыптастыру.

 Аналар кеңесі мүшелері, «Бари» армян этномәдени орталығының өкілі Рузанна Дегонян мен Чуваш орталығының өкілі Елена Тарасова өз елдерінің ұлттық асханаларының құпиялары және ерекшеліктерімен бөлісті.

 «Жастарды еңбекке машықтау, нарықта сұранысқа ие мамандықты таңдауға талпындыру – жалпы білім берудегі басымдыққа ие бағыттар. Қоғамдық ұйым ретінде біздің Кеңес ӨКП-мен бірлесіп, жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға атсалысып жатыр. Кәсіби бағдар жұмыстары әсіресе мектеп оқушылары арасында кеңінен насихатталу керек», – деп ойлайды Кеңес төрайымы Зере Киікова.

 «Мұндай шаралар «есеп үшін» жасалып жатқан жоқ. Олардың тиімділігі өте жоғары. Осы жолы біз болашақ мамандығын нақты таңдаған, мақсатын айқын қойған балалармен жұмыс істеп жатырмыз. Аспаз мамандығы еңбекқорлықты талап етеді. Айта кетелік, Құрылыс-техникалық коллеждің бірнеше студенттері біздің сабақтардан соң «аспаздықты таңдаймыз» дейді әрі осы сала бойынша білімдерін шындамақ», – ӨКП директоры Айжан Тәжмиева.   

 Ендігі кезекте тігін бойынша шеберлік-сабақтар ұйымдастырылмақ.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер