«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Петропавлда мүгедек жандардың жаңа бірлестігі құрылды

2017 жылғы 24 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
12035 просмотров

Мүмкіндігі шектеулі адамдар бірлесіп, бизнесті жандандырмақ   

9 наурыз күні «Бәріміз бірдейміз» атты қоғамдық ұйым өз жұмысын бастап, тіркеуден өтті, алайда жұмыста нөлден бастау қашан да қиын. Бастамаларына сәттілік тілеп, қолдау көрсетпек оймен СҚО ӨКП Өңірлік кеңесі мүшесі Ерғали Жұмағұлов ұйымға сыйға 2 дербес компьютер, сканер, түптегіш, ламинаттаушы машиналарын берді.

Облыс әкімдігі өз тарапынан ұйымға кеңсеге арналған орын бөліп берді. Кәсіпкерлік пен туризм басқармасы ұйымға кеңсе жиһазын сыйға тартқан. Енді ойдағы барлық идеяларды және жоспарды орындауға болады дейді жоба жетекшісі Сергей Сапко.

Ұйымдастырушылардың айтуынша олардың бастамасы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, олардың бастамалары үшін жақсы бизнес-алаңына айналуы керек. Қазіргі таңда бірлестік құрамында 10 адам бар, олардың біразы кәсіпкерлігі бар жандар.     

Жобаның басты мақсаты мүгедектер арасында кәсіпкерлікті насихаттау, жол сілтеу. Сонымен қатар ұйым полиграфиялық қызметтің ауқымды түрін атқаратын болады. Ұйым мүгедектерді кәсіп бастауға, көрмелерге тартуға ықпал етеді, сонымен қатар  мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы қаржыландырудың жаңа көздерін іздейді. Осы орайда ұйымдастырушылардың тәжірибесі де бар.    

Былтыр Сергей Сапко мемлекеттік бағдарламаны пайдаланып, кәсіптік білімін шыңдап, грант түрінде қаржылай көмек алған.  Бүгін кәсіпкерлер болашақтан зор үміт күтеді, кәсіп бастауға қорқатын мүгедектерді батыл болуға шақырады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер