«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оқушылар Ақтөбедегі зауытты аралады

2017 жылғы 21 Сәуір
- Ақтөбе облысы
6082 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары энергия үнемдейтін шыныпакет шығаратын зауытты аралады

Өңірлік палата «Мың естігеннен, бір көрген артық» деген ұстаныммен мектеп оқушыларын кәсіпорынның жұмысымен таныстырды. Зерек оқушылар зауыттың тарихымен, ерекше жұмысымен танысып, жұмыс барысын көз бен көріп, қуаттылықты сезініп қайтты. Зауытта көрсетілген жұмысшы мамандықтары жайлы мол мағлұмат алды.

Оқушылар конвейерге жіберілген шыны тақтасын, агрегаттың кесуі мен шынының бөлінуін өз көздерімен тамашалады. Одан кейін кесілген шыныға алюминийден жасалған жақтау салынып, шыныпакеттің шет-шетін полиэтиленмен желімдеді. Осылайша өнім әп-сәтте дайын болады.

Ақтөбеде шыныпкетті шығару 2013 жылы басталды.

Бүгінде «Агран» ЖШС пластиктер мен алюминий құрастырмасын, сондай-ақ арнайы энергия үнемдейтін шыны қолданылатын шыныпакеттерін жинақтаумен айналысады. Мұндай пакеттер жарықты жоғары өткізетін қасиетке ие, бірақ қарапайым мөлдір шыныдан айыру мүмкін емес. Өндіріс облыста автсриялық автоматтандырылған жоғары технологиялық жабдықтар желісі қойылған жалғыз кәсіпорын.

Барлық процесс автоматтандырылған, бұл сапаның жоғарылығына кепілдік береді және жұмыс процесіне адамның қатысуын барынша азайтады. ЗАуыт жылына 200 мың дана шығарады. Өндіріс жұмысымен жалпы 25 адам айналысады.

«Жоғары сынып оқушыларына мамандықпен етене жақын танысу болашақта мамандық таңдауға, білім алуға жақсы ынталандырады. Дәл осы салада жұмыс істеуге әсерін тигізеді», ­– деді ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Азамат Бұрымбаев.

Өңірлік палата сұранысты анықтау үшін жыл сайын сауалнама жүргізеді. Биылғы жылғы сауалнаманың қорытындысында білікті жұмысшы мамандардың жетіспеушілігі 70%, сондай-ақ орта буын мамандарының сұранысы 15%, жоғары білімді мамандарға қажеттілік – 15%.

Бизнеске дәл қазір білікті жұмысшы мамандары қажет. Егер сала бойынша алсақ, ең бірінші ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен құрылыста маман тапшылығы жоғары. Палата өкілі өңірдегі осы үш салада мамандарға сұраныс жоғары екенін атап өтті.

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер, палатасы бекітілген жоспарға сәйкес, мектеп оқушыларын зауыт жұмысымен таныстыруды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Бұл ретте жастар ресурстық орталығы да қосылды.

Бір апта ішінде оқушылар өңір экономикасына айтарлықтай үлес қосып отырған «Стройдеталь» ЖШС, Ақтөбе мұнай жабдығының зауыты, Ферроқорытпа зауыты, «Ақтөбе-ЖЭО» АҚ мен «Агран» ЖШС жұмысымен танысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер