«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Аудиторлық қызметті лицензиялауды алып тастау ұсынылды

2017 жылғы 21 Сәуір
1857 просмотров

Өзін-өзі реттеуді дамытуда кәсіпкерлер жағынан да, мемлекеттік органдар тарапынан да белсенді ұстаным жоқ

«Қазақстан Республикасында аудиторлық қызмет және салық салу салаларындағы өзін-өзі реттеуді дамыту» тақырыбында өткен конференциясында «Атамекен» ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеу департаментінің директоры Айжан Бижанова аудиторлық қызмет пен салық салаларында өзін-өзі реттеуде орын алып отырған мәселелерді жіктеп, олардың шешілу жолдарын ұсынды.

Айжан Бижанованың айтуынша, бүгінде экономиканы қайта реттеудің басты тиімді құралы ретіндегі өзін-өзі реттеу институтының негізгі қозғаушысы тек Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып отыр.

«Өкінішке қарай кәсіпкерлер жағынан да, мемлекеттік органдар тарапынан да белсенді ұстанымды көрмей отырмыз, бұл шешілуі тиіс нақты мәселелермен байланысты. Атап айтқанда, біріншіден, мемлекеттік органдардың бизнеске әсер етудің қалыптасқан әкімшілік үлгісін өзгертуге құлықсыздығы, екіншіден ­– бүгінгі күнге дейін мемлекет өзінің араласуы тиіс шегін анықтаған жоқ, оның ішінде стандарттау мәселесі де бар, үшіншіден – ерікті өзін-өзі реттеуді дамыту үшін мемлекет тарапынан ынталандыратын және қолдайтын шаралардың жоқтығы.Өзін-өзі реттеу дегеніміз – кәсіпкерлік қоғамдастықтың тұтынушы алдында жариялылық пен ашықтық жолына түсуі. Бұл ұсынылатын тауар, жұмыс және қызметтің сапасына да, мүшелердің жауапкершілігінің аздығы үшін де өзіне жоғары міндеттемелер алу», – деп түсіндіріп өтті департамент басшысы.

Сонымен қатар аталған мәселелерді шешу үшін бірнеше ұсыныстарды атап өтті.

- өзін-өзі реттеу ұйымының мүшесі болған кәсіпкерге қатысты мемлекеттік бақылауды жою;

- өзін-өзі реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы ерікті өзін-өзі реттеу ұйымын дамытуға бағытталған нормаларды енгізу мәнінде тұжырымдамалық түрде қайта қарау;

- өзара сақтандыру қоғамын дамыту үшін заңдық тұрғыдан жағдай жасау;

- кәсіпкерліктегі мемлекеттік реттеу көп орын алған салаларын талдап, кәсіпкерлердің дербес реттеуіне беру. Оның үстіне, әрбір мемлекеттік органның өзін-өзі реттеу ұйымын құруға қаржылай да, қаржылай емес те ынталандыратын  заңнамалық артықшылықтарын беру және олардың қатысуы бойынша мүмкіндіктерін қарастыру. Бұл іс-шараларға ең алдымен стандарттар мен ережелерді жасау үшін міндетті түрде қаржы бөлінуі керек;

-  рейтингтік жүйе институтын енгізу, бұл қандай да бір өзін-зі реттеу ұйымы мен оларды мүшелерінің тұтынушылық мойындалу рөлін күшейтеді. Бастапқыда тәуелсіз арбитр Ұлттық палата бола алады.

Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП Заңнама және өзін-өзі реттеу департаментінің директоры Айжан Бижанова лицензиялаудан бас тартуды ұсынды, оның айтуынша, бұл мемлекеттік реттеудің тиімсіз механизмі ретінде танылған. 2010 жылы Ресей Федерациясы аудиторлық қызметті лицензиялауды алып тастады, ал 2012 жылы Ресей дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Шетелдік аудиторлық ұйымдар тарапынан аудиторлық нарыққа ешқандай экспансия болмаған.

«Бүгінде біз ЕАЭО аумағындағы аудиторлық қызмет туралы келісім жобасын зерттеп жатырмыз. Бұл Келісім бойынша мүше-мемлекет өзін-өзі реттейтін кәсіби бірлестіктердің құрылуы мен қызметіне ықпал етуі керек. Сонымен қатар, Жобада мүше-мемлекетке кәсіби бірлестіктермен реттеудің жекелеген қызметін табыстау құқығын үлестіріп беру қарастырылған. Бұл біз таңдаған бағыттың дұрыстығын растайды ­– аудиторлардың кәсіби деңгейін өсіруге, өз елімізде де, халықаралық деңгейде де аудиторлық ұйымдардық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін өзін-өзі реттеуді енгізу», ­– деді Айжан Бижанова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер