«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ойын арқылы оңай

2017 жылғы 19 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
8406 просмотров

СҚО-да бизнес-стратегияларды ойнау әдісі арқылы меңгеру тренингтері өтті

Осындай әдісті СҚО ӨКП Мәмлүт аудандық филиалының мамандары қолға алды. Шара мемлекеттік органдар қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Ойынға қатысушылар – кәсіпкерлер. Дәстүрлі дәрістерді тыңдаудан гөрі, ойын арқылы жеткен ақпарат есте қалады әрі қатысушылар ойын еркін жеткізуге талпынады. Бизнесмендер ойынға қуана қатысты.  

«Қоқыс жәшігі» деп аталатын тренинг қатысушылардың көңілінен шықты. Ойын шарты бойынша кәсіпкерлер бизнеске кедергі келтіретін мәселелерді қағазға жазып, кейін «тізілген түйткілдерді» мыжғылап, қоқысқа тастау тапсырылды. Әрине, мұндай тәсіл арқылы мәселелер өздігінен шешілмейтіні белгілі.  Дегенмен, осындай серпілу арқылы кәсіпкер бос уайымды артқа тастап, проблемаларды шешуге білек сыбана кіріседі.

 «Сәттілік баспалдығы» ойыны да көпшілікке ұнады. Қатысушылар үстелде жатқан түрлі жазбасы бар карталар көмегімен өзіндік табыс баспалдағын құруы керек. Бұл ойынның бір ерекшілігі, кейбір карталарда екі мағына беретін жазбалар болған. Сондықтан ойын барысында логиканы қоспаған ойыншы бірде өрге шықса енді бірде төмен сырғыды.  

Осылайша шара барысында түрлі тақырыпта 4 тренинг өткізілді. Тренингтер ішінде PR-маркетинг те қатыстырылды. Кәсіпкерлер өз қолдарымен тартымды әрі ұтымды жарнама коллажын жасады. Осы ретте ортаға түрлі идеялар тасталып, әдістер қолданылды, қатысушылар жарнамалаық баннерлерін қорғап, артықшылықтарын айтты.

Қызықты тренинге 12 кәсіпкер қатысты. Бизнес-стратегяларды осындай тәсілмен меңгеру тиімді әрі қызықты екеніне көз жеткізген қатысушылар осындай шараларды жиі өткізуді сұрады.

      


Еншілес ұйымдар

Серіктестер