«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Баланың болашағы жарқын болсын десек...

2017 жылғы 18 Сәуір
8253 просмотров

Қызылордада халықаралық академия балалардың болашағы жарқын болуына көмектеседі

2016 жылдың қарашасынан бастап Қызылордада Fastrackids халықаралық білім беру академияның филиалы жұмыс істейді. Балаларға қызмет көрсететін орталықта бүгінде таңдалған бағыт бойынша мамандар қабылданды. Ал заңдық, бухгалтерлік, ақпараттық технология бойынша қызметті Кәсіпкерлер палатасы сервистік қызмет көрсету аясында тегін атқарады.

Орталықтың басшысы Галина Цой жұмысты ұйымдастыру процесінде сапалы қызмет көрсеткені үшін Кәсіпкерлер палатасына алғыс білдіріп, Палатаға жүгіну арқылы уақыт мен қаржының үнемделгенін айтты.

Fastrackids балалар академиясы жайында

Fastrackids балалардың халықаралық академиясы – 1,5 жастан асқан балаларға арналған кең ауқымды білім беру бағдарламасы. Нақтырақ айтсақ, Fastrackids сөзінің аудармасы – «алға жылдам қадам басатын балалар» деген мағынаны білдіреді. Бұл бағдарлама аясында әлемнің 52 елінен 30 мың балалар оқып жатыр. Fastrackids халықаралық балалар академиясының бас штабы АҚШ-тың Денвер қаласында орналасқан. Бағдарлама әлемнің 19 елінің тіліне аударылған.   

Fastrackids халықаралық білім беру академиясының Қазақстандағы өкілдігі 2008 жылы ашылды және бүгінгі күні еліміздің 18 қаласында 28 академия жұмыс істейді. Бағдарлама бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беріледі.

Қызылордадағы академия 2016 жылдың қараша айында ашылды. Бұл үлкен жетістік, әлеуметтік маңызы зор жоба. Басты мақсаты – балаларды жарқын болашаққа дайындау. Академия бағдарламасы балаларды шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік икемдерін жан-жақты дамытуға бағытталған. Қызылордадағы Fastrackids балалар академиясы 1,5 жастан бастап қабылдайды және 3 бағытта дамытады.

«Біздің басты мақсатымыз қоршаған әлемді жақсартып, балаларға жаңа мүмкіндіктерді жасау, олардың бойында білім алуға деген құштарлықты ояту, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру», ­– дейді орталық басшысы Галина Цой.

Fastrackids бағдарламасының ерекшелігі қандай?

Сабақ компьютерлік бағдарламаларға негізделген, материалдарды игеру компьютерлік технологиялар, проектор мен мультимедиалық видеофильмдер арқылы жүзеге асырылады. Сабақ барысында мұғалімдер мультимедиалық видеофильмдерді, дыбыстарды, түрлі иллюстрацияларды қолдана алады, балалар тікелей тақтамен жұмыс істейді, заттарды, әріптерді, суреттерді қозғалтады. Интерактивті тақтаны қолдану балалардың оқуға деген қызығушылығын оятып, тақырыпты тез әрі терең қабылдауға мүмкіндік береді, сабақтың өнімділігін арттырады. Балалар мұндай сабақтарға белсенді араласады.

Академияда балалар астрономия, биология, математика, жер, театр, өнер, палеонтология, қызықты химия және т.б. туралы ғылымды оқиды.

Сонымен қатар, танымдық тәжірибелер мен сараптамаларды жүргізе отырып, қоршаған ортаның құрылымымен танысады. Балалар сабақта өздерін еркін ұстайды, оқушылар шаршап қалмас үшін сабақ зиг-заг түрінде өткізіледі түрлі оқыту формасы қолданылады. Fastrackids академиясында 4 жастан бастап ағылшын тілі оқытылады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – виртуалды мұғаліммен жұмыс, яғни интерактивті тақта ағылшын тілінде сөйлейді, балалар ашық түсті суреттерді көреді, олармен жұмыс істейді, ағылшын тілінде сөздерді естиді, мұның барлығы да материалды жақсы меңгеруге көмектеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер