«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбе облысында «Bastau Бизнес» қатысушыларының басым бөлігі – әйелдер

2017 жылғы 18 Сәуір
- Ақтөбе облысы
8193 просмотров

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша оқытатын жоба Мәртүк, Темір, Шалқар, Ырғыз, Ойыл және Мұғалжар аудандарында өтіп жатыр

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бағдарламаның жергілікті деңгейдегі қаржылай емес операторы болып бекітілген. Жобаның бірінші кезеңіне жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қатарынан 294 адам қатысып отыр. Олардың барлығы кәсіпкерлік қабілетті анықтайтын арнайы тестілеуден өткен. Аталмыш оқу 30 күнге созылады. Оқу курсы 12 тақырыптық блокқа топтастырылған. Тренингтердің алғашқы легі бизнес психологиясы, соңғы нәтижелікке потенциалы жоғары кәсіпкерлерді анықтауға арналады.    

ӨКП Мәртүк аудандық филиалының директоры Бернияз Длимовтың айтуынша өңірде жобаға деген қызығушылық жоғары, оның ішінде әйелдердің ынтасы ерекше. Жобаның алғашқы күнінен бастап іскерлікке бейім әйелдер өз бизнес-идеяларын ортаға салды.

«Ауданымыз бойынша 28 адам жобаға қатысуға өтінім берді. Олардың барлығы шекті 100-ден 55 балл межесінен өткен. «Bastau Бизнес» жобасының бірінші кезеңінің 28 тыңдаушысының 18-і – әйелдер», – деді филиал басшысы.

Оқу аяқтау туралы сертификаттар берілген соң, бітірушілер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», сонымен қатар «Агронесие корпарациясы» қаржыландыратын микронесиелеу ұйымдары мен несие серіктестіктері арқылы төмен мөлшерлемемен берілетін несие алуға мүмкіндіктері болады.    


Еншілес ұйымдар

Серіктестер