«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жас келсе – іске

2017 жылғы 17 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
8303 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан жас жігіт ауыл шаруашылығы кооперативінің сәтті үлгісін көрсетті

Ауыл шаруашылығы саласындағы ұсақ шаруа қожалықтары әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына біріге бастады.

Явленка ауылының тұрғыны Әділет Кәбенов былтыр түбегейлі шешім қабылдап, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін ашты. Ал көмек көрсету үшін Кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Палата әділет органдарында тіркелу үшін жарғы мен құрылтай құжаттарын дайындауға көмектесті. Мұнымен қоса, жас кәсіпкерге тұқымды бұқа алуға да қол ұшын берді. «Адике и К» ӘКК «Қазақтың ақ бас сиыры» мен «Герефорд» тұқымындағы 3 бұқа сатып алды. ӘКК құрамына 90 жеке қосалқы шаруашылық кірді.

Бизнесті Әділет Кәбенов жем, пішендеме тасу, қалдық шығару үшін көлік құралдарын алу керек болды және бұл жағдайда да мемлекеттің қолдауы көмектесті. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ арқылы КамАз сатып алынды.

«Қазір корпорация сәтті дамып келеді деп сенімді айта аламын. Дегенмен, бізді маңызды мәселе толғандырады. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына әрбір ірі қара мал басына 3 гектар мөлшерінде жайылым жер бөлу мәселесі алаңдатады. Ауданда осы мәселе талқыланатын семинарлар мен жиындарға тұрақты түрде қатысып келемін. Осы бағытта қалай дамып отырғанын назарда ұстап отырмын, себебі бұған субсидия алу мен кооперацияның болашағы тікелей байланысты», – дейді коператив жетекшісі Әділет Кәбенов.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында 5 ӘКК жұмыс істейді, ауыл тұрғындары ӘКК құруға қатысты сауалдармен Палата бөлімшесіне жиі жүгінеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер