«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмолалық бизнесмен салық қарызын бөліп төлеуге қол жеткізді

2017 жылғы 17 Сәуір
- Ақмола облысы
5657 просмотров

Өңірлік палата сарапшыларының қолдауымен Көкшетау қаласындағы кәсіпорындардың бірі салық қарызын бөліп төлеуге мүмкіндік алды

Өткен жылдың соңында мемлекеттік кірістер департаменті компания иесіне 8 млн теңге сомасындағы айыппұл төлеу қаулысын жолдаған. Кәсіпкер төлеуден бас тартпаған, тек қарызды өтеуге үзіліс беруді сұраған еді. Бірақ салық қызметкерлері рұқсат бермеген. Кәсіпорын орын алған жағдайды реттеуге жәрдем сұрап Кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

«Дәл қазір айыппұлды бірден төлеуге мұршамыз жоқ. Бірақ біз төлеуден қашқатап отырған да жоқпыз, тек тағы біраз уақыт немесе бөліп төлеуге мүмкіндік берсе», – деп түсіндірді компания басшысы.  

Өңірлік палатаның кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Расул Сыздықов салық заңнамасында кәсіпкер ұсынып отырған тәсіл қарастырылғанын, алайда қарызды бөліп төлеуге бір жылдан аспайтын мерзім берілетіндігін хабарлады.

Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен сотқа берілген іс жан-жақты қаралып, кәсіпорынның төлеу мүмкіндігі жоқтығын реттеу процедурасын тез арада орындау туралы шешім шығарылды. Сот шешімі күшіне енгенген кейін, қарыздың үстіне өсімпұл салынбайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер