«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Техникалық сипаттамадағы өзегертулер кәсіпкер жұмысын қиындатты

2017 жылғы 14 Сәуір
- Ақмола облысы
5318 просмотров

Ақмола облысындағы кәсіпкер өзінің бірегей тауары үшін техникалық сипаттамаға сай келмеді

Мемлекеттік сатып алуларды сәтті өткізуге оның ашықтығы ғана емес, байқау қатысушыларына қойылатын талаптарды сәйкестендіру болып табылады. Алайда, тапсырыс беруші мекемелердің бірі кезекті тендерде техникалық сипаттаманың параметрлерін өзгерткен, нәтижесінде ақмолалық кәсіпкер жапа шекті.

Жергілікті кәсіпкер ДНҚ жинау және сақтау үшін бірегей өнім жинағын шығарады. Алайда техникалық сипаттамада Америкада шығарылған өнімге жататындығын көрсететін физикалық параметрлер пайда болғаны кәсіпкерді қапаландырды.

Компания отандық пенитенциарлық жүйенің кәсіпорындарына арнап ДНҚ сұрыптау және сақтау үшін жинақ жеткізуді қамтамасыз етуді жоспарлаған. Соңғы екі жылда жергілікті өндіруші мекемені талап етілген өніммен тұрақты қамтамасыз етіп келген.

Байқауды жеңуге кәсіпкердің сауатты бағалық ұстанымы мен өндірістің бірегейлігі ықпал еткенін айта кету керек. Алайда жағдай бір сәтте өзгерген.

«Бұған дейін техникалық сипаттаманы анықтау үшін ұйымдастырушылар ҚР «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заңның 26-бабында көрсетілген анықтаманы қолданып келген. Бірақ былтырғы жылдың ортасында техсипаттаманың жаңа редакциясы жарияланған. Неге екенін, АҚШ-та шығарылатын Life Technologies компания Applied Biosistems сауда белгісінің бір ғана өнімінің техникалық сипаттамасымен сәйкес келеді», – деп түсіндірді жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Жарас Бисембаев.

Оның пікірінше, өз елімізде шығарылған бағасы екі есе арзан балама бола тұра  шетелдік өнімнің пайдасына шешім шығару екені анық (1 жинақы 1500 теңге, ал шетелдікі 2900 теңге).

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары өз ұсыныстарын Ұлттық палатаға жолдады. Тек «Атамекен» араласқаннан кейін ғана, жағдай өз шешімін тапты. Түгінде пенитенциарлық жүйе кәсіпорнының байқауындағы техникалық сипаттама мәтіні сәйкестендірілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер