Құрылыстағы мемлекеттік сатып алудың ашықтығы жаңа жобада анықталады
Биыл сәуір айының соңында құрылыстағы мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеудің төрт пилоттық жобасына байқау жарияланады
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында 14 сәуір күні Құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеуге қатысты қаржы саласындағы өкілетті орган мен бизнес өкілдерінің кездесуі өтті.
Жиынды ашқан «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов Астана қаласы, Ақмола мен Қарағанды облыстарында «Тапсырыс беруші – Мердігер – Қосалқы мердігер» қатысу үлгісі бойынша төрт пилоттық жоба іске қосылатынын хабарлады.
«Ұлттық палата алаңында 28 наурыз күні мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен ауқымды талқылау өтті, онда заңға қосымша нормативті-құқықтық актілерге түзетулер енгізу туралы ұсыныстар дайындалған болатын. Ұсыныстар қабылданды», – деді Төраға орынбасары Елдос Рамазанов.
ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов бизнес өкілдерінің берген ұсыныстар ескерілгенін, заң деңгейінде өзгертулер талап етілетіндігін атап өтті. Себебі қазынашылық сүймелдеу институтын іске қосу тапсырылғандықтан, басталған істі тоқтатпауға шешім қабылданған.
Сонымен қатар, вице-министр бизнес өкілдеріне мемлекеттік сатып алуларға қатысқанда орынды бәсекелік тәсілдерді қолдануды өтінді, бұл пилоттық жобаларға ерекше назар аударылып отыр. Атап айтқанда Үкімет, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті және уәкілеттігі шеңберінде құрылыс сапасына қатысты сұрақтар туындайтын Құқық қорғау органдары да қадағалайды.
«Атқарылған нақты мердігерлік жұмыс қабылданғаннан кейін супервайзер төлем сертификатын жазады, бұл қазынашылық органдар үшін ақшалай қаражатты шотқа аударуға негіз болатын бір ғана құжат», – деп атап өтті Берік Шолпанқұлов.
Кәсіпкерлерде туындайтын барлық мәселелерді әр нысан бойынша жедел шешу жоспарланып отыр. Ол үшін барлық өкілетті мемлекеттік органдар мен Ұлттық палатаның жауапты тұлғалары белгіленген.
«Пилоттық жоба іске қосылғаннан кейін құрылысты ұйымдастырудағы туындайтын мәселелер анықталады және ҚР Үкіметіне қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге қатысты ұсыныстар беріледі деп күтіледі», – деді ҚР Қаржы вице-министрі.
«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов бизнес-қоғамдастық құрылыс саласындағы мәселелерді кешенді түрде көтеріп, бизнес шығынын азайту жұмыстары жүргізілетінін айтты. Басқосу барысында көтерілген мәселелерді шешу үшін алдағы уақытта да уәкілетті органдармен бірлесе жұмыс атқарылатын атап өтті. ҰКП Құрылыс департаменті кәсіпкерлер тарапынан онлай-режимде қазынашылық сүйемелдеудің пилоттық жобасы іске қосылғаннан кейін туындайтын барлық ұсыныстар мен шағымдарды қабылдауға дайын екеніне назар аударды.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған жобаны енгізуге дейін талқылау барысында мемлекеттік сатып алуларды байқау тәсілімен жүзеге асыруда демпингке қарсы шараларды қарастыратын норманы алып тастауды бірнеше рет ұсынғанын еске саламыз. Себебі ол бағасының барынша төмендеуіне, тіпті бір теңгеге дейін түсіне мүмкіндік береді, ең соңында атқарылатын құрылыс жұмысының сапасына әсер етеді және жосықсыз бәсекелестікке жағдай туғызады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: