«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өзбекстан қазақстандық ұнға акциздік салық мөлшерін азайтты

2017 жылғы 12 Сәуір
- Шымкент қаласы
14398 просмотров

Ұн тартатын компаниялардың мәселесін бірнеше жыл қатарынан ОҚО кәсіпкерлер палатасы көтеріп келген. Ұзақ келіссөздерден кейін сең жібіді. 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап Өзбекстан қазақстандық ұнға акциздік салық мөлшерін 11%-дан 5%-ға азайтты   

Бұл келісім Өбекстан Президентінің Қазақстанға келген ресми сапары кезінде шешілген. Шавкат Мирзиёев аталмыш сұрақ бойынша 2017 жылғы 31 наурызда «Өзбекстан Республикасының алдағы уақыттағы сыртқы экономикалық жұмысын реттеу шаралары туралы» атты арнайы жарлық шығарған.  

Бұл құжатта халықаралық тәжірибедегі кедендік-тарифтік реттеу әдістер негізінде отандық өндірістің тұрақты дамуына жағдай жасау үшін қабылданған. Айта кетелік, Өзбекстан Республикасы бидай ұны бойынша  еліміздің ең басты импортеры болған. 2012 жылы ұнмен тиелген экспорттық әр вагонның үшіншісі Өзбекстанға арналған болатын. Сол кезеңде экспорт бойынша Өзбекстанның үлесі 75%-ды құраған.

Кейін бірте бірте Өзбекстанға ұн экспорты азая берді. 2016 жылдың алғашқы тоқсаны деректеріне сәйкес экспорттың жалпы көлемінде Узбекстанның үлесі 42%-ға төмендеген. Экспорттың төмендеуіне басты себеп акциздік салықтың жоғары болуында. Бұл мемлекет кірме ұнға 15% көлемінде салық салған. 2014 жылы Өзбекстан үкіметаралық комиссия отырыснда, қазақстандық тараптың қолқа салуымен бұл норманы 15-тен 11%-ға түсірді.

 Қазақстаннан тасымалданатын ұнға акциздік салық енгізу арқылы Өзбекстан бидайды тиімді бағада сатып алуға жол ашты. Бұл мүмкіндік Өзбекстанда диірмен өндірісін дамытты, демек Қазақстанның бидайынан алынған ұн өндірісі де ұлғайды.

Айта кетелік, Орта Азия мен Өзбекстан нарығына бағытталған ұн тартатын компаниялардың 95%-ы Өңтүстік Қазақстан территориясында орналасқан. Жоғары акциздер салдарынан Өзбекстанда  біздің ұн, жергілікті ұннан тоннасы үшін 70 АҚШ долларына қымбаттырақ болды. Сондықтан экспорт көлемі күрт төмендеген.

Ұн тартатын кәсіпорындар мен компаниялардың экономикалық тұрақтылығы әлсіреді, өндірістер жоспарлы тиімсіз, бүтін сала инвестициялық тартымсыз салаға айналды. Экспорт көлемінің қысқаруы автоматты түрде диірмендер жұмысын азайтты, бұл кері процесс ұн тартатын бірқатар компаниялардың жабылуына әкелді. Оңтүстік қазақстандық ұн өзбекстандық нарықта бәсекеге қабілетті болмай қалды. Экспорт көлемінің азаюы 30%-ға жетті.

Оңтүстік Қазақстан бойынша ұнды жақын шетелге өндіретін 29 компания ғана қалды. ӨКП бұл мәселені түрлі алаңдарда көтеріп келді, Палата акциз салығын алып тастау немес мөлшерін азайту бойынша ұсыныстар тастады, келтірілген шығындар бойынша әр тоннаға дотация төлеуді сұрады. Ұн тартатын кәсіпорындарға қолдағы шикізатпен макорон өнімдері, нан-тоқаш және кондитерлік бойынша қосымша өндіріс ашу ұсынылды.

«ОҚО кәсіпкерлер палатасы отандық тауар өндірушілерін тауар сатуда үнемі қолдау білдіріп келеді. Біз оларға мемлекеттік сатып алулар мен тендерлерде қатысуға жағдай жасап, шетел нарықтарға шығуға ықпал етеміз. Мәселен, Қазақстан Үкіметі мен Қытай үкіметі арасында қазақстандық өнімді қытай нарығына шығару бойынша келісімдер жасалды. Өзбекстанмен ұн мәселесі бойынша атқарылған жұмыс та соның бірі», – деді ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары  Ғазизбек Натбаев.

 Ғазизбек Натбаевтың айтуынша ұн тарту өндірісі бидай өндірудің қозғаушы күші ғана емес, отандық АӨК, жалпы экономиканың  дамуына тиімді ықпал ететін сала.  Сонымен қатар бұл сала мультипликативті қасиетке ие: ұн өндірісі, логистика, тасымалдау, сонымен қатар энергетика, сауда, жұмыс орындарын құру сынды салалармен етене байланыста.  Қазақстан ұнына деген акциздік салықтың төмендеуі ұн тарту өндірісінің жолға қойылуына жол ашпақ.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер