«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Студенттерге арналған ERG ресурсы

2017 жылғы 11 Сәуір
- Қостанай облысы
5711 просмотров

 

Eurasian Resources Group Қостанай облысының студенттері арасында кәсіпкерлік эко-жүйені қалыптастыру жобасын іске қосты

Компанияның жаңа бастамасы таныстырылымы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында студенттік кәсіпкерлікті дамыту дөңгелек үстелі барысында өткізілді. Басқосуға Eurasian Resources Group өкілдері, ӨКП басшылығы, Қостанай облысының әкімдігі, Білім беру басқармасы, республикалық және облыстық қоғамдық бірлестіктер, Өңірлік ЖОО басшылары және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

«Студенттік ортада кәсіпкерлік эко-жүйені құру» жобасын ERG өзінің кәсіпорындары бар өңірлерде жүзеге асырып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл бастама серіктес болған университтерден тікелей қаржыландыруды қажет етпейді, жоба оқыту курстары мен тренингтерге белгілі коучтарды тартуға негізделген. Сонымен қатар  ERG мамандары студенттер арасында белсенділерді іріктеп, олардан идеялар мен бастамалар күтіп, идеяларынан экономикалық пайданы есептеуді үйретіп, жобаларды жүзеге асыру үшін технопарк пен зертханаларды ұсынатын болады.

 «Бүгінде жастардың көбі мемлекеттік органдарда немесе жетекші ірі компанияларда жұмыс істегісі келеді. Бұл стереотип армандаудың шегі болмауы керек қой. Жастар арсындағы қалыптасқан «қағиданы» бұзу үшін, ерте бастан, оқудың алғашқы курстарында олардың кәсіпкерлікке бейімділігін анықтау керек. Ол үшін жастардың ынтасын оятатын сессиялар өткізу, сараптамалықты дамытатын кеңес беру сынды тәсілдерді ұйымдастыру керек. Бизнес идеяларды қалыптастыру бойынша қабілеттілікті арттыру, және оларды бизнес-жоспарлау мен бизнес-жобалау форматтарына дейін жеткізуге жол ашу; жастардың ең үздік жобаларын инвестициялық және кәсіпкерлік инфрақұрылымға енгізу – біздің мақсат. Біз бұл жобаны әзірледік, өйткені жастар тарапынан кәсіпкерлікке деген ынтасын байқап отырмыз. Осы бағытты дамыту арқылы қалалардағы шағын және орта бизнес кластерін жаппай ілгерілетуге болады. Бұл отандық экономиканы жетілдірудегі қуатты күш», – деді Еуразиялық топтың әлеуметтік жұмыс бойынша басқарушы  директоры Ирина Дәулетбақова.   

ERG-дың студенттер кәсіпкерлігін қолдау пилоттық жобасы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті базасында іске қосылды. Осы бағытта компанияға Тель-Авив университеті мен Қазақстандағы Тель-Авив университі достарының қауымдастығы көмекке келген.  Алғашқы нәтижелер жобаның өзектілігі мен өміршеңдігін дәлелдеген.

 Таныстырылым кезінде ERG-дың қостанайлық серіктестері жобаға қатысуға дайын екендерін жеткізді.   Еуразиялық топ Рудный индустриялы институты мен М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетімен Ниет хатамаларына қол қойды.

  «Біздің бастама тікелей Елбасы тапсырмасына сәйкес келетіні қуантады. Кәсіпкерлік жаппай оқытылу керек, оның ішінде жастардың әлеуеті мен мүмкіндіктері зор. Палата жобаны іске асыруда қатысушыларға нақты бизнес идеялар бойынша ақпарат, кеңес беру сынды қолдау беруге, бизнес-жобаларды аяғына дейін сүйемелдеуге дайын.  Егер біз жастардың кәсіпкерлігін айтсақ, онда бұл біздің KPI болуы керек. Мемлекеттік бағдарламаларды қаржылық емес қолдау бөлімінің операторы ретінде кәсіпкердің бастамасын басынан аяғына дейін жетелеу – біз үшін маңызды. ERG компаниясы жобасын сәтті бастап Шағын және орта бизнес дамуына сүбелі үлес қосады деп сенемін», – деді Қостанай облысының палата басшысы Мұрат Әбенов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер