«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тексерушілердің келуін заңсыз деп санау керек!

2017 жылғы 11 Сәуір
- Қостанай облысы
4462 просмотров

Қостанайдағы «Надежда-С» фирмасы шенеуніктерді жоспардан тыс тексергені үшін кіргізбей, заңсыз екенін дәлелдеді

Құрылыс нысандарының сапасына техникалық қадағалау жасайтын компанияны тексеру үшін кезекті рет «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ қызметкерлері келген.

Фирманың басшысы Владимир Семеновтың айтуынша, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан тексеру туралы 9 хабарлама алған. Оның кейбірі тапсырыс берушілердің «Надежда-С» компаниясын шектен тыс талап қоятынын кінәлаған шағымдары бойынша. Компания қорытынды шығарғанда ескертулер жазып, ойлап тапқан негіздермен нысандарды пайдалануға беруге кедергі келтіреді деген айып тағылған.

Техникалық қадағалаудың ескертулері қаншалықты әділ екенін Қамысты ауданы Арқа ауылындағы Краснооктябрь орта мектебінің қазандығындағы кешенді жөндеу жұмысын жүргізуден көруге болады. Онда мердігер жобалық-сметалық құжаттан ауытқып, жұмыстарды олқылықпен орындаған. Атап айтқанда, қазандық ғимаратының ішкі жағында құбырлардың бекітілуін сызбанұсқасында өзгертулер болған, кәріз жолында өзгерістер болып, дәнекерленген жіктен су аққан. Сонымен қатар, монометр санында да сәйкессіздік орын алған, ең бастысы – казандықтағы қысымның жылу торабына дейін түскені анықталған, соңында бұл оқушылар отырған сыныптардағы температураның төмендеуіне әсер етуші еді.

Сондай-ақ, жөндеу кезінде Владимир Семенов аудандық бөлім атынан тапсырыс берушіге шамамен 50 хат және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына 3 хат жолдаған. Онда орын алған бұзушылық туралы жазылған. Алайда, ешкім жағдайды өзгертуге асықпаған. Құрылыс аяқталғанда ескертулер жазылған қабылдау актісіне тек техникалық және авторлық қадағалау ғана емес, сондай-ақ тапсырыс беруші мен мердігердің өзі де қол қойған.

Дегенмен, сәулет-құырлыс бақылауы «Надежда-С» ЖШС-на компанияның ақауларды қалай анықтайтынын және ол үшін қандай әдістемені қолданатынын тексеруге келген. Бірақ кәсіпкер тексерушілердің кеуін заңсыз деп санап, құжаттарды көрсетуден бас тартқан: тексеру құқықтық статистика органдарында тіркелмеген. Тиісінше, мемлекеттік орган лауазымдық тұлғаларға қызметтік міндетін атқаруға кедергі келтірді деген хаттама толтырған.

«Бизнесмен бұл мәселеде қолдау табу үшін Кәсіпкерлер палатасына, қала прокуратурасына жүгінген. Тексере келе, прокуратура мемлекеттік органға наразылық танытты, оған сәйкес тексеру бекіту туралы акті жойылды. Сот құқықбұзушылық құрамы жоқтығымен әкімшілік өндірісті тоқтатты», – дейді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Марат Әбішев.

Еске салсақ, 2017 жылдың ақпан айында техникалық қадағалау фирмаларын Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан тексеру мәселесін Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің ортырысында талқылады. Жиында Кеңес «Надежда-С» ЖШС заңды қолдау беруге, сот процестеріне қатысуға кеңес берген. Сонымен қатар, 2016 жылы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өзін тексеру барысын бизнесті заңсыз тексерген 2 дерек пен әкімшілік өндірісіне негізсіз тартқан 9 дерек анықталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер