«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев тауар жеткізушілер мен құрылыс саласы өндірушілерінің реестрін құруды тапсырды

2017 жылғы 11 Сәуір
7554 просмотров

Ресми статистика бойынша осы салада жұмыс істеп жатқан 60 мыңнан астам кәсіпкерлік бар, алайда қауымдастықтардың нарықтағы үлесі тым төмен

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың басшылығымен Р ҰКП құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің есептік жиналысы өткізілді.

Қазақстанның құрылыс саласында жүйелілік қойылғаны және саланың өзге бақыттардан гөрі ілгері дамып келе жатқанына қарамастан шешілмеген бірқатар мәселелер бар. Айталық, құрылысқа қатысты жер мәселесі өзекті. Комитет төрағасы Александр Беловичтің айтуынша, 14 өңір мен Астана, Алматы қалаларының Жер комиссиялары туралы Ережелерге сараптама жасау нәтижесінде жер комиссияларының қызметінің маңызы мен тізбеге бірыңғай тәсілдің қалыптаспағаны анықталды. Сонымен қатар комиссия құрамына құрылыс саласына қатысы жоқ кәсіпкерлер тартылмаған.

«Атамекен» ҰКП бұл мәселе бойынша қажетті жұмыс атқарып, жақында Ұлттық палатаның жер комиссиясы туралы Үлгілік ережені әзірлеу бойынша ұсыныстары қабылданды. Бизнес үшін маңызды бағытардың бірі – жер комиссияларына қатысу мүмкіндігі.

Сонымен қатар 2017 жылда атқарылатын жұмыс бойынша бірнеше бағыттар анықталды. Негізінен аталған жұмыстар тұрғын үй құрылысының жандандыру принциптері бойынша ҰКП-ның ұсыныстары ескерілген «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысты болды. Онда экономикалық белсендігі бар тұрғындарға баспананы қолжетімді ету мақсатында ипотеканы субсидиялау, жеке тұрғын үй салушыларды ынталандыру, сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін қосымша ынталандыру сынды бірқатар ұсыныстар жасалған болатын.

Құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларда қазынашылық сүйемелдеу механизмдерін жетілдіру бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жекелей ұсыныстары ескерілген. 2016 жылдың желтоқсан айында ҰКП қазынашылық органдарында барлық жеткізушілердің арнайы шот ашуының қажеттілігі жоқ екенін алға тартып, бұл мәселе бойынша «Тапсырыс беруші – Бас мердігер – Қосалқы мердігер» «тізбегі» бойынша арнайы шот ашу сынды өзінің нақты ұсынысын білдірді. 2017 жылдың наурыз айынан бастап Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарына 3 қанатқақты жоба іске қосылды. «Пилоттық» жобаларды жүзеге асыру аясында құрылыс процесінің барлық қатысушыларына арнап қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізілген. Осы ретте құрылыс секторы қатысушылардың процедуралардағы қосымша сұрақтары «пилоттық» жобалардың орындалу деңгейі бойынша шешілмек. Пилоттық жобаларды жүзеге асыру барысы үнемі ҚР Үкіметінің қатаң қадағалауында болады.

Өңірдегі кәсіпкерлердің сатып алулар саласындағы түрлі мәселелер аландатады. Мәселен, заңнамаға енгізілген демпинг құрылыс саласында кейбір қызмет көрсету жеткізушілеріне бағаны 0,1 теңгеге дейін түсіруге жағдай туғызады, яғни бұл анық мәселе. Нарықтағы құрылыс бағаларын ескермейтін баға белгілеу жүйесінің олқылықтар да қайта қарауды талап етеді. ҰКП Жобалық-сметалық құжатнаманың әзірлеу тәртібі мен сапасы бойынша сұрақтарды шешу үшін өз алаңында үнемі әрекет ететін Жұмыс тобын құрады.

Құрылыстағы бағаларды реттеу мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекетті органдарымен бірлесіп отандық тауар өндірушілернің мүддесі ескеріліп, ал келешекте импорттаушылар мен дистрибьютерді де қамтитын жеткізушілердің бірыңғай Реестрін құру мәселесін қолға алмақ. Аталмыш Реестр құрылыс саласындағы нақты статистика мен баға белгілеудің шынайы саясатын жүргізуге жол ашатын сенімді әрі бірыңғай базаға айналмақ. Сонымен қатар бұл база құрылыс процесіне қатысушыларына арналған ыңғайлы платформа болады.

Ұлттық палата басшысы Тимур Құлыбаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, саладағы жүйелі мәселелерді шешуді тапсырды. Берілген тапсырмалар ішінде ҰКП Құрылыс бойынша комитеті «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-тың жекелеген құзыретін бәсекелестік ортасына беру туралы ұсынысты дайындау қажет, онда салалаық қауымдастықтар мен компаниялардың мүмкіндіктері ескерілуі тиіс. Құрылыс саласын бойынша заңнамалар мен заң шеңберіндегі нормативті-құқытық актілерді есепке ала отырып ҰКП сәулет, құрылыс және қала салу саласында Салалық кодексін дайындауды қолға алу керек. Төралқа Төрағасы жеңімпаз-компаниялар тізбесін анықтау үшін Өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы құрылыс саласындағы сатып алуларға соңғы бес жыл бойынша сараптама жасауды тапсырды.

Ресми статистикаға сәйкес осы салада жұмыс істейтін субъектілердің саны 60 мыңнан асады, алайда қауымдастықтардың нарықтағы үлесі тым төмен. Осыған байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі басшылығымен құрылыс саласында Өзін-өзі басқаратын ұйымды құру және мемлекеттік функцияны бәсекелестік ортаға беру мәселесін талқыға салу қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер