«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Егістіктерде отандық комбайндар мен тракторлар астық жинап, жер жырту керек

2017 жылғы 07 Сәуір
4362 просмотров

Қазақстанның машина жасаушылары бас қосты

«Атамекен» алаңында республиканың машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары өкілдері, Қазақстанның машина жасаушылары одағы мүшелері бас қосып, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы басымдықтарды талқылады. Жолдауда экономиканы ілгерітуші – машина жасау саласын дамыту да көзделген.

Аталған шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның машина жасаушылары одағының Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, «Қазақстан инжиниринг» ҰК Басқарма төрағасы Ерлан Ыдырысов, «Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаменті сарапшылары, «Агромашхолдинг» АҚ директорлары кеңесінің төрағасы Дин Ким, Ұлттық индустриялық палатасы «Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы Тимур Нұғыманов, «Қазақстанның кабель зауыттары қауымдастығы» Рафаэль Уразбахтин, сондай-ақ онлайн бейнебайланыс арқылы өңірлердегі қауымдастықтар мен компаниялар басшылары қатысты.

Елбасы Жолдауында жаңа индустриялар құрумен қатар Өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы сынды салаларға серпін берілмек. Бұл бағыттар дәстүрлі базалық салалар болып табылады. Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу арқылы автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу міндеттері қолға алынбақ. Осы бағытта Қазақстанның машина жасаушылары одағы өкілдері саланы дамыту бойынша нақты қадамдарды талқыға салды.

Қазақстанның машина жасаушылары одағының басқарма төрағасы Мейрам Пшембаев Елбасының Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жүзеге асыруды міндеттегенін, сондықтан машина жасаушылар одағына мүше қауымдастықтар мен ұйымдар өкілдерін Мейрам Пішембаев белсенді араласуға шақырды. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп кешенін экономикамыздың драйвері деп атағаны белгілі. Сондықтан, агрокешенді ілгерілетіп, ауыл шауралышылығы өнімдерін жаппай экспортқа шығарып, бәсекеге қабілетті болу үшін бізге ең алдымен мықты техникалық жабдық керек. Сондықтан дайын техниканы сырттан емес, өзіміз шығаруға мүмкіндік бар, – деді Одақ басшысы.

Мейрам Пішембаев агро, автоматтандыру, роботтандыру саласына да машина жасаушылардың тікелей араласуы қажет екенін алға тартты. Шетелден қымбат техниканы тасымалдағанша, жергілікті зауыттардың машина жасауды өз қолдарына алғаны абзал деп санайды. Ең басты шикізат темір бар, жұмысшы күші бар, қажеттісі – инновациялық технологияларды енгізу, менгеру. «Қазақстанның егістіктерінде отандық комбайндар мен тракторлары астық жинап, жер жырту керек. Сондықтан қауымдастықтарды, инженерлерді, бизнес өкілдерін зауыттарда өндірілетін өнім түрлерін көбейту, күрделендіру, құрастыру жұмыстарына ден қоюға шақырамын», – деді Одақ төрағасы.

Алматы қаласынан бейнебайланыс арқылы пікірін білдірген «Алматы ауыр машина жасау зауытының бас директоры Жетпісбай Едігенов машина жасаудағы Қазақстанның бұрынғы қуатты зауыттатарын дамыту, отандық техниканы шығару үшін осы саладағы барлық ғылыми-зерттеу институттарын қолға алып, білікті мамандарды тарту керек екенін алға тартты. «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев нақты тапсырма берді. Бүгінгі қолымыздағы әлеуеттті еселеу үшін ғылымға ден қою керек. Мықты инженерлер мен ғылыми қызметкерлердің бірлесіп жұмыс істеуі, және оларды нарық талаптарына сай бизнес тұрғысынан басақаруды қолға алсақ, нәтижесі шығады деп ойлаймын. Ғылыми база мен зертханаларсыз машина жасау көшіне ілесе алмаймыз», – деді Жетпісбай Едігенов.

Еліміздің машина жасаушылар қауымдастықтарының басқосуында сондай-ақ, импорт пен экспорттағы ҚҚС салығы, отандық тауар өндірушілердің мәселелері, жаңа технологиялар талқыланды. Одақ мүшелері биылғы жылға ауқымды жоспар құрған, оны жүзеге асыру бойынша тоқсан сайын алқалы отырыстар ұйымдастырылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер