Салық есептің тәртібі түсіндірілді
Алматы бухгалтерлер клубында Халықаралық салық салу және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлікті тарату процедураларындағы өзгерістер талқыланды
Алматылық бухгалтерлердің салық есебін толтыруға қатысты қойылған сауалдарына жиынға шақырылған Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жауап берді. Сонымен қатар, департамент өкілдері 2017 жылы халықаралық салық салудағы және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлікті тарату процедураларындағы өзгерістер туралы айтып берді. Клуб мүшелерінің өтінішімен, шағын оқыту семинары өткізілді. Салық заңнамасы мен қаржылық есептің халықаралық стандарты арасындағы байланыс туралы білікті бухгалтер, ҚР Салық кеңесшілері мен аудиторлары палатасының мүшесі Эльвира Рамазанова түсіндірді.
«Көбі қаржылық есепті 1С негізінде дайындайды. Заңда мұндай норма бекітілмеген. Бізде шағын және орта бизнеске арналған стандарт бар, ол – қаржылық есептің халықаралық стандарты. Бұл сіздердің қаржылық есептеріңіздің негізі болып саналады. Тағы бір мәселе – есептік саясат. Онда баланстың қандайда бір баптары үшін есептің қандай әдісі немесе ережесі қолданылғанын, баланстың қай түрі үшін қай топтарға қандай үлгіні, құрал класын пайдаланғанын сипаттауы керек. Мысалы, негізгі қаражатты алайық, бізде қайта бағалау немесе нақты шығындар әдісі бар. Өкінішке қарай, компаниялардың жартысында есеп саясаты жоқ», – дейді Эльвира Рамазанова.
Сонымен қатар, дисконттау бойынша да көптеген мәселе туындайды дейді бухгалтер.
«Бұл уақыт факторын қоса есептегендегі ақшаның бейнесі. Егер сіз тауарды төлемді кейінге шегере отырып тауар алсаңыз немесе саттыңыз делік, мысалы, демонтаж қорына бүгін 100 мың төлейміз. Бірақ демонтаж 10-20 жылдан кейін болатынын түсінеміз. Біз 20 жылдан кейін қанша жұмсайтынымызды болжауымыз керек. Бухгалтер ретінде болашақтағы соманы ағымдағыға айналдырамыз. Бұл есепте көрсетілуі керек. Көп жағдайда есепте пайызсыз қаржылай көмек жазылады. Қаржылық есепте бұл қалай көрсетіледі деген сауал туындайды. Егер сіз қарызды пайызсыз және нарықтықтан төмен мөлшерде алсаңыз немесе берсеңіз, қаржыны алатын болсаңыз, онда оңайлатыған пайданы немесе алынған кірісті көрсетуіңіз керек», – деп атап өтті Эльвира Рамазанова.
Клуб отырысына келе алмағандар жиынды әлеуметтік желідегі тілкелей байланыс арқылы көре алды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: