Өкілетті органдар қазынашылық сүйемелдеу бойынша төрт пилоттық жобаны бақылау нысанына алды
2017 жылдың сәуір айының соңында байқау жарияланады, оның қорытындысы бойынша құрылысты жүргізетін және инжинирингтік компания анықталады.
2017 жылы 28 наурызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларда бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы мен құрылыс жұмысындағы субъектілер арасындағы төлемдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған қазынашылық сүйемелдеудің қоғамдық тыңдалымы өтті.
Пилоттық жоба ретінде Астана қаласы, Ақмола мен Қарағанды облыстарындағы төрт нысан алынды. Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылы сәуір айының соңында «құрылыс-монтаж жұмыстары» мен «жобаны басқару» бойынша байқауларды жариялайды.
Бүгінде аталған пилоттық жобаларды іске қосу үшін ҚР Қаржы министрлігі, ҚР ИДМ Құрылыс жұмыстары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Ұлттық палатамен бірге нормативті-құқықтық актілерге қажетті түзетулер пакетін дайындады.
Осыған орай «Атамекен» ҰКП алаңында 2016 жылдың 13 сәуірінде сағат 11-00-де: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 8, Б блогы, 26-қабат, «Түркістан» мәжіліс залында Қаржы вице-министрі Б.Ш.Шолпанқұловтың басшылығымен Қаржы министрлігі атқарылған жұмыс пен алдағы уақытта пилоттық жобаны іске асыруға әлеуетті субъектілердің қатысуына арналған нұсқаулық жайлы хабарлайды.
Бұл пилоттық жобаларды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.А.Сағынтаев, ҚР Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігінің қадағалау органдары ерекше бақылауға алғанын атап өткен жөн.
Қатысушылардың толық тізімін жасауға және жиынға кіргізу рұқсатын қамтамасыз ету үшін кандидатураларды алдын ала 2017 жылдың 11 сәуірі, сағат 12-00-ге дейін беруді сұраймыз: f.kaltayeva@palata.kz (8 (7172) 919-361).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: